UNIVER — оқу үдерісінің ақпараттық жүйесі

ЭҚА — электронды құжат айналымы

КББЖ — кіруді бақылау және басқару жүйесі

ЖБББОЖ — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім беруді басқарудың ортақ жүйесі

 

+7 (727) 237-00-99; ішкі: 40 99

Бөлім бастығы: Оразбаев Жанат

 

«UNIVER» ақпараттық жүйесі

Оқу үдерісімен байланысты барлық бөлімшелердің жұмысын автоматтандыруға арналған бірегей бағдарламалық шешім — жүйе студенттер, оқытушылар, факультет қызметкерлері және ректорат қызметінің барлық аспектілерінің ұтқырлығы мен ашықтығы принциптерінде құрылған.

Бөлім мұғалімдерді, кафедра меңгерушілерін, декандарды және олардың орынбасарларын, әдіскерлерді, қабылдау комиссиясын, тіркеуші кеңсе, студенттік бөлім, оқу үдерісі бөлімі, әдістемелік бөлім, қашықтықтан оқыту және тест орталығы, Болон процесі және бухгалтерлік есеп жүргізу бөліміне қолдау көрсетеді.

 

Электронды құжат айналым жүйесінің функционалы:

– құжаттардың кез келген түрлерімен оларды құрудан, ресімдеуден және өңдеуден бастап орындалуын бақылауға дейін жұмыс;

— барлық ішкі құжаттарды – кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу;

– іздеу және сақтау мүмкіндігімен құжаттар мұрағатын ұйымдастыру.

 

Кіруді бақылау және басқару жүйесі басымдылығы:

– әр түрлі қызметкерлер үшін университет аумағынв қолжетімділікті шектеу;

– күзетілетін объектінің аумағы бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылау;

– құқық бұзушылықтың алдын алу;

– қызметкерлер мен бөгде адамдардың университет нысандарына баруын есепке алу және бақылау, соның ішінде аумақ бойынша барлық орын ауыстыруларды қосқанда.

 

Жоғары білім беруді басқарудың ортақ жүйесі (ЖБББОЖ)

ЖБББОЖ көп деңгейлі интеграцияланған ақпараттық жүйесі – жоғары білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, орындаушылары мен тұтынушыларын қамту, ҚР БҒМ және ЮНЕСКО халықаралық ұйымы үшін әкімшілік есептерді жинауды қамтамасыз ету, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру туралы деректерді генерациялау және т.б.