Ақпараттық-саяси бөлімі

Ақпараттық саясат бөлімі «Қыздар университеті» медиаорталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, университеттің ақпараттық саясатын іске асыруға арналған шаралар туралы жедел ақпарат дайындайды, университет басшыларының мақалаларының БАҚ-та басылуын, өткізілген шараларды сапалы фотосуретке түсіруді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық саясат бөлімі өз қызметінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің даму стратегиясын, Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жарғыларын басшылыққа алады.

Ақпараттық саясат бөлімі университеттің беделіне әсер ететін ақпараттардың болуының алдын-алу, оқу орыны туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға байланысты зерттеулер жүргізуді басқарады;
Университеттің арнайы сайтына келіп түскен сұрақтарды сұрыптау және ең маңызды ұсыныстарды іске асыруға қажетті шараларды жүзеге асырады;
Университет құрылымдарының ақпараттық және қоғаммен байланыс қызметтері қазіргі технологияларға сай болуына, ғылыми қызметкерлердің зерттеулерінің жариялануына және оқу орнының факультеттері мен кафедраларының атқарған жұмыстарының дер кезінде насихатталуына бақылау жасауды ұйымдастырады.

Университеттiң оң имиджін көтеру мақсатында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру;
Университетте өткізілетін ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік,мәдени-көпшілік шаралар туралы БАҚ-тарға ақпарат беру;
Университетте өтетін шараларға БАҚ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
Университеттің ресми сайтының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау;
Университеттің стратегиялық және оқу жылына арналған тәрбие жұмыстары мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын шараларға қатысу;

Фото-дерекқорды құруды қамтамасыз ету жүзеге асырады.

Ақпараттық насихат жүргізу мақсатында университетте түрлі деңгейдегі өтетін конференция, кеңес, семинар, т. б. шараларға қатысады.