Мәжіліс депутаты Гаухар Танашевамен кездесу



    • Мәжіліс депутаты Гаухар Танашевамен кездесу

      11 наурыз күні Казақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комиттетінің мүшесі Гаухар Шаймерденқызы Танашева қонаққа келді. Университет ректоры Гүлмира Қанай депутатты университет қызметімен таныстырып, оқу ордасының жетістіктерімен бөлісті.

      Сондай-ақ Гаухар Шаймерденқызы студенттерге мотивациялық кездесу өткізді. Өзінің еңбек жолы туралы айтып, білім алудың маңыздылығын, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру кезіндегі қажетті іс-әрекеттерді атап өтті. Сондай-ақ қатысушылардың жеке сұрақтарына жауап берді. Атап өтейік, кездесуді университеттің Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырды.

                                                                                 

      Бөлісу: