«Туберкулездың алдын алу және емдеу жолдары» тақырыбында кездесу өтті



    • «Туберкулездың алдын алу және емдеу жолдары» тақырыбында кездесу өтті

      Университеттің Тұлға қалыптастыру департаменті, Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Туберкулездың алдын алу және емдеу жолдары» тақырыбында кездесу өтті. 

       Іс-шара Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №30 қалалық емханасы мен QyzPU арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Кездесуде емхананың фтизиатр-дәрігері Бегалинова Гайша дәріс оқыды. 

                                                  

      Кездесу барысында 1 және 3 курс студенттері туберкулездің дамуына ықпал ететін факторлар, флюороскопияның маңыздылығы және тұрақты медициналық бақылау туралы ақпарат алды. Дәрігердің дәрісі студенттерге уақтылы диагноз қою және емдеу аурудың толық емделуіне қалай ықпал ететінін түсінуге көмектесті.  

                                                                                

      Сонымен қатар аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтанудың және таза ауада демалудың маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара соңында білікті маманға сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу болды. Барлық қатысушыларға белсенділік үшін және денсаулықты жақсартуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз

      Бөлісу: