QyzPU ғалымы А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталды



    • QyzPU ғалымы А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталды

      QyzPU Жаратылыстану институты Химия кафедрасының профессор м.а., техника ғылымдарының докторы Айтжамал Слямхановна Мусинаны А.Байтұрсынов атындағы орден алуымен құттықтаймыз!

      Айтжамал Слямхановна еңбек жолын 1968 жылы Жамбыл қоссуперфосфат зауытында инженерліктен бастаған. Әр жылдары электрохимиялық, аналитикалық, бейорганикалық, физикалық, амальгамалық химия және қоршаған ортаны экологиялық қорғау бойынша іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 27 жыл болса, соның 14 жылын QyzPU химия кафедрасына арнады. 

      Профессор сабақ беру барысында үнемі жаңашыл технологияларды пайдаланып отырды, соның нәтижесінде «Білім ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. 

      А.С.Мусинаның жеке және авторлық бірлестікте 2 монографиясы, 3 оқулық, 4 экологиялық оқу құралы, 1 электронды оқулығы, 300-ден аса мақаласы және тезистері жарық көрген. Web of Science, SCOPUS базаларында 5 мақаласы жарияланып индекстелген, 4 авторлық куәлік және ҚСР-дың 1 және ҚР 7 өнертабыстық патенті бар. 

      Айтжамал Слямхановнаны марапатымен құттықтай отыра, жоғары білім және ғылым саласына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.

      Бөлісу: