АҚШ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТУДА



    • АҚШ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТУДА

      8 сәуірде QyzPU-ға АҚШ-тың Огайо университеті мен Иллинойс технологиялық институтының өкілдері қонаққа келді. Ресми сапар аясында ректор Гүлмира Канай Педагогика және адам экологиясы колледжінің деканы Дональд Папа-Дэвиспен, сондай-ақ Иллинойс технологиялық институтының халықаралық істер жөніндегі аға кеңесшісі Даниэль Палмен кездесті.

                                                         

      Іссапар университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты тереңдету жолдарын қарастыру, болашақ бірлескен іс-шараларды талқылау смақсатында ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындары өздерін таныстырды және болашақ мақсаттар бен жоспарлар туралы ақпарат алмасты.

                                                                                 

      Огайо университетімен және Иллинойс технологиялық институтымен ынтымақтастығымыз табысты болатынына және әлемдік қауымдастық деңгейіндегі білім мен ғылымның дамуына ықпал ететініне сенімдіміз.

       

      Бөлісу: