EnactusQyzPU студенттік ұйымы «Enactus Kazakhstan National Expo 2024» жәрмеңкесінде «Birge recycle», «Nautilus», «Sunflower» жобаларын ұсынды



    • EnactusQyzPU студенттік ұйымы «Enactus Kazakhstan National Expo 2024» жәрмеңкесінде «Birge recycle», «Nautilus», «Sunflower» жобаларын ұсынды

      EnactusQyzPU студенттік ұйымы және эдвайзері Беккалиева Г.М. 25 сәуір күні Астана қаласында өткен Ұлттық кубок «Enactus Kazakhstan National Expo 2024» жәрмеңкесінде «Birge recycle», «Nautilus», «Sunflower» жобаларын ұсынды.

      Пластиктің қоқыстануы – қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі. Пластиктің ыдырауы 500 жылды алады, сондықтан бұл мәселе үлкен масштабты қамтиды. «BIRGE RECYCLE» мақсаты – жоба бойынша пластиктерге екінші өмір беріп, күнделікті тұрмыста қолдануды насихаттау. Жоба халықаралық тұрақты дамудың 3 мақсатын қамтиды: климаттың өзгеруімен күрес, құрлық экожүйелерін сақтау, тұрақты даму үшін серіктестік.

       «NAUTILUS ASSISTANTS» жобасы кәсіпкерлермен нақты тәжірибе мен коммуникация орнатуға және олардың тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік береді. Кез келген адам өзінің мансаптық өсу жолында маңызды тәжірибе жинауға мүмкіндік алады.

      «SUNFLOWER» жобасы интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі жандарды өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, өзін одан әрі дамытуы үшін гүл өсіру саласында кәсіби дайындықтан өткізуге бағытталған. Өнімдерін өткізу үшін флора дүкені бар гүл жылыжайын ашу жоспарланған.

      Бөлісу: