«Білім шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды



    • «Білім шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

      2024 жылдың 19-сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде физика, математика және информатика пәндері бойынша  10-11 (12) сынып мектеп оқушыларына арналған «Білім шыңы» Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңі өтті.

      Еліміздің  орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысқан олимпиада екі кезең бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңде қатысушылар аталған пәндер бойынша тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде олимпиада есептерін шығарып білімі мен білігін сынап көрді.

                                                       

      Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтті.

      Жүзден жүйрік болып оза шапқан, жоғары білім деңгейін көрсеткен жеңімпаздарға 1, 2, 3-дәрежелі дипломдар және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқуына жеңілдік беретін сертификаттар табысталды:

      • 1-орынға Қыздар университетінде оқуына 100% жеңілдік.
      • 2-орынға Қыздар университетінде оқуына 50% жеңілдік.
      • 3-орынға Қыздар университетінде оқуына 30% жеңілдік.

                                                                                  

      Физика пәні бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындарына төмендегі оқушылар ие болды.

      • 1-орын Рысбек Улдана Абдильдақызы - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі;
      • 2-орын - Оразалы Аяжан Бисенбайқызы  - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі;
      • 3-орын - Ербаева Сымбат Алматбекқызы - Алматы қаласы, №178 мамандандырылған лицейі.

                                                        

      Математика пәні бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындарына келесі оқушылар ие болды.

      • 1-орын - Нүсіпжан Ұлдана  - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп;
      • 2-орын - Тлемисова Асия Сергеевна - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп»;
      • 3-орын - Кулманбет Арайлым Маратқызы - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тұрар Рысқұлов мектебі.

                                                                                 

      Информатика пәні бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындарына төмендегі оқушылар ие болды.

      • 1-орын - Бахытжан Мерей Асылханқызы - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке орта мектебі;
      • 2-орын - Жумабаева Гулнур Жолдасбаевна - Алматы облысы, Қарасай ауданы, М.Бейсебаев атындағы орта мектебі;
      • 3-орын - Рақым Жансая Азаматқызы  - Алматы қаласы, №177 жалпы білім беретін мектебі.

      Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Болашақ талапкерлерді университетіміздің студенті ретінде көруді асыға күтеміз.

       

       

      Бөлісу: