XVI Республикалық пәндік олимпиадаcынан «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша QyzPU студенттері жүлделі 2-орын алды



    • XVI Республикалық пәндік олимпиадаcынан «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша QyzPU студенттері жүлделі 2-орын алды

      6В01401 «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша 17-19сәуір аралығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде дәстүрлі түрде өтетін XVI Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

      Өткен олимпиада жеңімпазы болып табылатын жоғарғы оқу орны өткізген олимпиада үш кезеңнен құралды: Интеллектуал кезеңі, Ғылыми жоба, «Қозғалыс құзіреттілігі» кезеңі.

      Олимпаданың басты міндеттері: студенттердің оқу танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, студенттердің кәсіби тұлғалық әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, дене шынықтыру және спорт саласындағы шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын ашу, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау болып табылады.

      Пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының 12 ЖОО қатысты «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті»; «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті «Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университет»; «Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті»; «Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ө.Жәнібеков атындағы оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті.

      Олимпиада қазақ топтары және орыс топтары арасында өткізілді. Қазақ тобында 3 студент, орыс тобында 3 студент қатысты. 12 ЖОО арасында «Ең үздік ғылыми жоба» номинациясын 95 балмен университетіміздің студенті Арсенова Дильназ иеленді. Жекелей есепте қазақ тобы 2-ші орынға, орыс тобы 3-ші орынға ие болды. Жалпы командалық есепте «Ө.Жәнібеков атындағы оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» 1 орын, «Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті» 2 орын, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» 3 орын иегері атанды. Студенттердің ғылыми жетекшілері: п.ғ.м., аға оқытушы Ниязақынов Ердос Бағдатұлы және п.ғ.м., аға оқытушы Тауасарова Данара Айқынбаевна.

      Бөлісу: