Университеттің 80 жылдығына орай пікірсайыс турнирлері өтті



    • Университеттің 80 жылдығына орай пікірсайыс турнирлері өтті

      Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Университеттің 80 жылдығына орай "Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы" дебат клубының дәстүрлі республикалық «QyzPU CUP VII» турнирі өтті.

      Турнирге Нархоз университеті, Тұран университеті, Сулейман Демирел атындағы университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалвқ университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Халықаралық бизнес университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы Менеджмент университеті, Тараз қаласынан дебат ойындарының майталман ойыншылары қатысты.

      Турнирдің мақсаты - қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси үдерістерге жастардың қызығушылығын арттыру, олардың бойындағы сыни ойлау қабілеттерін дамыту, демократиялық қоғам өміріне жас ұрпақтың араласуын күшейту.

      Пікірсайыс турнирі Американдық Парламенттік Формат және Линкольн Дуглас форматтары бойынша өтіп, нақты факті, аргументтермен регламентке бағынған мықты пікірсайыс ойындарының үлгісін көрсетті.

      Турнир қорытындысы бойынша:

      Сулейман Демирел атындағы университеттің 3-курс студенттері Аманқос Ислам мен Сәуірбай Арсен 1-орын алып, 250 000 теңге қаржылық сертификат иегері атанды. 2-орынды (150 000 теңге) Сүлейман Демирел атындағы университеттің “Хайырлысы” фракциясы алса, 3-орынды (100 000 теңге) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Симоне де Бовуар” фракциясының ойыншылары Онгаров Нұржан мен Каримов Дамир иеленді. Сонымен қатар, «Ең Үздік Спикер» номинациясы бойынша 50 000 теңге және кубогі берілді. Осы ойындарға әділ төрешілік жасаған төрешілерге 50 000 теңге табысталды. “Ең үздік талпыныс” номинациясын  (40 000 теңге) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Мырзакулов Даулет пен Жардемгалиевна Жайна иеленді.

      Естеріңізге салсақ бұған дейін университетте Парасатты Нағыз Лидерлер Одағының қалалық “DOSTYQ CUP VIII” турнирі өткен болатын.

      Ерекше сыйлықтарымен, жайлы атмосфера, әділ төрешілігімен есте қалған турнирде қатысушы спикерлер Парасатты Нағыз Лидерлер Одағының бір спикерімен микс болып ойнады. Турнирдің  басты  ерекшелігі де белгілі фракция спикерлері бір-біріне достықты дәріптеу мақсатында естелік сыйлықтар табыстап өз тілек лебіздерін білдірді.

      Турнир қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мырзакулов Даулет пен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Дүйсенбек Жанерке 1-орынмен (70 000 теңге), Нархоз университеті студенті Есенов Темірлан мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Олжабек Ақниет          2-орын (40 000 теңге), Жардемгалиевна Регина мен Сапарбай Гүлбану                3-орын (30 000 теңге) иеленді. Ең Үздік Спикер атындағы кубокпен 20 000 теңге. Ең үздік деп танылған осы ойындарға әділ төрешілік жасаған төрешілерге 20 000 теңге табысталды.

      Аталған қалалық және республикалық турнирлер өте жоғары деңгейде өтті. 2 күн бойы әр румдарда ойындар болып маңызды педагогикалық тақырыптар мен әлемдік мәселелер талқыланды.

       

      Бөлісу: