Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары



    • Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары

      Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтану»     білім беру бағдарламасы бойынша    республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің жетекші университтерінен 9 команда қатысты. Екі кезеңнен тұрған олимпиадада студенттер қоғамдағы ең өзекті деген әлеуметтік мәселелер туралы видеоролик түсіріп,  ғылыми жобалар дайындады.  Жобалар арқылы  әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатудың жолдарын көрсетіп, өздерінің ұсыныстарын айтты.

       Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша:

      • 1 орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Жалын» командасы. Жетекшісі - Омарова Асем Турлыбековна.
      • 2 орын - Нархоз Университетінің «Парадигма» командасы. Жетекшісі -Касимова Л.Н.  
      • 2 орын - Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық  Университеті «Эрудит» командасы. Жетекшісі - Айекешов Нурболат Таниевич
      • 3 орын - Л.Н Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Шырақ»  командасы.  Жетекшісі - Салиикжанов Рамазан Саттарович.
      • 3 орын - Академик Е.А Букетов атындағы Қарағанды Университеті «Триада» командасы. Жетекшісі -  Исина Динара Аманкелдіқызы.
      • 3 орын - Қазақ Ұлттық  Қыздар Педагогикалық Университетінің «Асабия» командасы иеленді. Жетекшісі - Қаражанов Нұрсултан  Серікұлы.

      Сондай-ақ пәндік олимпиадада  «Ең үздік видеоролик» номинациясын  Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетінің «Жалын» командасы ұтып алды.

      «Ең үздік команда» номинациясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  «The Third Eye» (Үшінші көз) командасы жеңіп алды. «Ең белсенді қатысушы команда» номинациясын Нархоз университетінің «Парадигма» командасы иеленді. Барлық команда жетекшілеріне университет атынан Алғыс хат табысталды.

      Бөлісу: