Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жалпы рейтинг жарияланды



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жалпы рейтинг жарияланды

      Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі:

      1-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі;

      2-орын – Жаратылыстану институты;

      3-орын – Филология институты;

      4-орын – Өнер және менеджмент институты;

      5-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі;

      6-орын – Тарих және шетел тілдері институты.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: