Корпоративтік хатшысы лауазымының бос орнына конкурс жариялайды



    • Корпоративтік хатшысы лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114 (1 корпус), «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

      Қызметінің негізгі мәні Қоғамның Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету, Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған мәселелер бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету, оларға қол жетімділікті бақылау болып табылады.

      Қызметтің мақсаты Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған рәсімдерді сақтауын, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы ережелерін, Жарғысын және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын ұстануын қамтамасыз ету болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      • жоғары заңгерлік және/немесе экономикалық білім;
      • кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында сертификаттың болуы;
      • ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер мен дағдылардың болуы;
      • Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білу.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ және орыс тілдерінде):

      1. үміткердің тегі, аты, әкесінің аты;
      2. туған күні;
      3. білімі, диплом (дипломдар) бойынша мамандығы, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау туралы ақпарат;
      4. соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат;
      5. үміткердің Қоғамның корпоративтік хатшысы қызметіне тағайындау туралы жазбаша өтініші.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Техникалық хатшыға: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99 (каб.104) тапсыру қажет.

      Телефон: +77029095311

      e-mail: tursyn.a@qyzpu.edu.kz  

       

       

      Бөлісу: