Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы



    • Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы

      «Ғылым декадасы – 2024» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қоғам оқытушылары мен қызметкерлері арасында Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсын жариялайды.

      Конкурстың мақсаты – Университеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдардың және Қоғам қызметкерлерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы қызметін ынталандыру.

      Конкурсқа жоба жетекшісі ретінде – Университеттің штаттық оқытушылары мен қызметкерлері, жоба орындаушысы ретінде Университет оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары мен басқа да білім беру немесе ғылыми ұйымдар өкілдері қатыса алады. 

      Конкурсты өткізу тәртібі мен жеңімпаздарды іріктеу талаптары бойынша ақпаратты Конкурстық құжаттамадан https://drive.google.com/drive/mobile/folders/13fGUbCHDe5USzZ5mIp7v8t6vgdnbTxMd оқи аласыздар.

      Өтінімді беру электронды түрде https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdSOosMpavkvGWuTPaPQfYA4yETjwI9a2igz2BBRVn98bbsEg/viewform?usp=send_form сайты арқылы жүзеге асырылады. 

      Өтінім қабылдау уақыты: 12.04.2024 ж. – 13.05.2024 ж.

      Конкурс нәтижесі бойынша шешім Конкурстық комиссия тарапынан қабылданады. Конкурс туралы сұрақтар туындаған жағдайда sciencedepartment@qyzpu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.

      Бөлісу: