"Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту" тақырыбында қалалық конференцияға шақырамыз



    • Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ және Алматы қаласы Білім басқармасының серіктестігімен "Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту" тақырыбында қалалық конференция өтетінін хабарлаймыз.

      Конференцияға қатысушылар өз жұмыстарын келесідей секциялар бойынша ұсына алады:

      • ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
      • LESSON STUDY: мұғалім тәжірибесінде
      • LESSON STUDY: болашақ мұғалім тәжірибесінде
      • LESSON STUDY: зерттеу постері
      • Lesson Study: әдістемелік мақала қалауға қарай (Сайтта көрсетілген Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы талабына сай)

      Сонымен қатар, Конференцияға Қазақстандық және халықаралық сарапшы зерттеушілер қатысып, секциялар бойынша үздік жұмыстарды анықтайтын болады.

      Осыған орай, Сізді және басқарып отырған білім беру ұйымының педагогтерін секция отырысында тәжірибелерімен бөлісуге шақырамыз.

      Конференция Гоголь 114 к 1. (Бас оқу ғимараты) мекен-жайы бойынша өтеді.

      Қатысуға шешім қабылдаған жағдайда, 2024 жылдың 10 мамырына дейін көрсетілген сілтемеге өту арқылы http://drive.google.com/drive/u/0/folders/17XBUzMqPLHIkNxlbnbnJU5qga_PWWAZl жұмысыңызды рәсімдеу ережесімен танысып, өтінім жіберуіңізді сұраймыз.

      Бөлісу: