Қайсар рухтың жемісі

«Айқын» республикалық қоғамдық саяси газетінің сайты

«Ел арна» сайты

10 желтоқсан, 2016 жыл // Авт. Жолдасбек Дуанабай // http://aikyn.kz/ru/news/show/31950-_aisar_ruhty_zhem_s_ // http://www.elarna.com/koru_kk.php?turi=5&id=701464

Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде ел егемендігінің 25жылдығына арналған «Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым» атты мерекелік кеш өтті.

Салтанатты шараны ректор Динар Нөкетаева ашып, университет ұжымымен студенттерін айтулы мерекемен құттықтап, ең үздік қызметкерлер менұстаздарды Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Оқу орын басшысы алғы құттықтау сөзінде: «Бізүшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз дербес мемлекет ретінде әлемгетанылған 25 жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзінің ежелденқалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлеріне қайтып оралды, бай руханиқазынасын әлемдік өркениетпен ұштастыруға құлаш ұрды. Ұлы Дала төсінда жатқанұлттың іргесі берік, санасы сақ, даму ерек болуы - Тұңғыш Президент-Назарбаевтыңесімімен тікелей байланысты. Тәуелсіздік - баға жетпес құндылық, оны қастерлеп,көздің қарашығындай сақтау - әр қазақстандықтың басты парызы», -деді. Ректорсонымен қатар, Қыздар университетінің 25 жылдағы жетістігін атап өтті.