Қыздар қалашығында қардан тазалау сенбілігі өтті

RG MEDIA.KZ ақпараттық порталы

6 желтоқсан, 2016 жыл // http://rgmedia.kz/news/view/6384// Авт. «Қыздар университеті» медиа орталығы

Жуырда Алматыда қалың қар түскен болатын. Жауған қардың биіктігі 60 сантиметрге, кей жерлерде 80 сантиметрге жетіп, орташа айлық көрсеткіштен 3 есеге көп жауған еді. Осыған орай, бүгін сенбі күні Қазақ мемлекеттік қыздар университетінде сенбілік өтті.

Университеттік кампус аймағын қардан тазарту және жинау жұмысына аталмыш оқу орнының оқытушылар құрамы мен қызметкерлері – барлығы 60-тан астам адам қатысты. Сенбілікке қатысушылар оқу корпусы мен жатақханалар маңын, Гоголь-Сейфуллина-Әйтеке би көшесі аумағының жол жиектерін қардан тазартып, құм сеуіп, ғимараттар шатырындағы сүңгілерді түсірді. Жиналған қар үйінділері арнайы техника көмегімен қала сыртындағы алаңға жөнелтілді. Ауызбірлікке, еңбекқорлыққа шақыратын, туған қаласын аялап, ластамау тәрбиесін қалыптастыруға септігін тигізетін сенбілік ұйымдасқан түрде өткізілді.

«Биыл Алматыда қар қалың жауғаны белгілі. Бүгін біздің ұжым қарды тазалау үшін сенбілікке бір кісідей ұйымшылдықпен шығып отыр. Біз қардан тазалауға атсалысып, қала көшелерін ретке келтіре отырып, сүйікті қаламыз Алматыға өз үлесімізді қосып отырмыз. Ол әрбір алматылықтың парызы болуы керек», дейді Қыздар университетінің әкімшілік-өндірістік мәселелер жөніндегі басқарманың бас инженері Данияр Кетегенов. Оның айтуынша, қалашықтан 50 мың метр куб қар шығарылған.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы