Динар Нөкетаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, «Нұр Отан» партиясы АҚФ Саяси кеңесінің Бюро мүшесі: «Декларация – тарихи әділ баға»

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газеті

3-бет, №143 (5336), 3 желтоқсан, 2016 жыл // http://almaty-akshamy.kz/2016/12/03/%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8-%D3%99%D0%B4%D1%96%D0%BB-%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B0/

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры,

«Нұр Отан» партиясы АҚФ Саяси кеңесінің Бюро мүшесі:

Декларация – тарихи әділ баға

– Дербестігін әлем мойын­даған, бүгінде Мәңгілік ел идеясымен алға жылжыған Ұлы дала елінің мерекесі қарсаңында Парламент қабылдаған «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Дек­ларациясы» дәл уақы­тында көтерілген құнды құжат деп есеп­теймін. Бұл – тұғырға нық тұрған еліміздің, ынтымағы жарас­қан халқымыз­дың бағына жаратыл­ған ҚР тұңғыш Пре­зиденті – ұлт Көш­басшысы Нұр­сұлтан Назар­баевтың ерен еңбегіне берілген ең жоғары баға.

Декларацияда тәуелсіз елі­міздің ши­рек ғасырлық ас­қаралы белестері кезең-ке­зеңімен сара­ланған. Оған қарап отырып, елін сүйген Елбасымен бірге жеткен жетістіктеріміз бен серпіліс­тері­мізді анық бай­қайсыз. Елдігіміз бен ұлт­тығы­мызды айқындап, бекем­деп, өркениет­тің ұлы көшіне қосыл­ған жас мемле­кетіміздің әлемге танылуы оңай болған жоқ. Кеңестік жүйеде тұралап қалған ұлттық мәде­ниетімізді жандан­дырдық, руха­ния­ты­мызды жаң­ғырттық. Ел­басы Нұр­сұлтан На­зарбаевты қолда­ған халық бір­лі­гінің арқасында небір сын­дарлы жылдардан аман өтіп, халық­аралық қауым­дастықта өзіндік орны бар, өзгелер қы­зыға там­санатын, мәңгілік бей­бітшілікті көзде­ген, зайырлы, біртұтас, мызғымас елге ай­нал­дық.

Осы аталған жетістіктерге жетуде хал­қына адал қызмет атқарып, абыроймен жақсы­лыққа жетелеп келе жатқан Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баевтың еңбегі өлшеусіз, ұшан-теңіз. Бүгінде мұны тек қана Қазақ елі емес, күллі әлем мойындады. Ядролық қарудан бас тарту арқылы дүние жүзі­нің ең бейбіт елі болып таныл­­ға­нымыздың өзі әркімнің қолы­нан келе бермейтін ерекше құбылыс.

Тәуелсіздік тұғырын жыл­дан-жылға нығайту, Туымызды биіктету тікелей халықтың бірлігіне, ынтымағына, отан­сүйгіштігіне байланысты екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Президенттің «Тәуел­сіздік – біздің ең басты байлығымыз, ал дүниені дүрліктірген дағда­рысты еңсеруі­міз елдің бірлі­гінің арқасында» деуінің аста­рында осы ой жатыр. Иә, ортақ мүд­деге біріккен ұлттық рухы­мыз, бірлігіміз арқылы біз нағыз Мәңгілік елді қалыптас­тыра­мыз.

Маңызды құжатта көрсе­тілгендей, ең қымбат қазынамыз – Тәуелсіздікті көзі­міздің қарашығындай сақтап қана қоймай, дамыған ел ретінде келер ұрпаққа ама­наттап, Мәңгілік ел болуға ұмтылған құндылық­тарымызды қастерлеу – біз үшін теңдессіз парыз. Осы бағытта ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы Декларациясын то­лық қолдай­мын.