Қазақ қыздарының шамшырағы // Қазына Аймағамбетова, ҚазМемҚызПУ-дың құрметті профессоры

«Президент және халық» республикалық қоғамдық саяси газеті

2-бет, №50-51 (588-589), 16 желтоқсан, 2016 жыл // Авт. Қазына Аймағамбетова, ҚазМемҚызПУ-дың құрметті профессоры

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы тұсында оны тойлаудан гөрі Егемендіктіктің дамуы мен ілгерлеуіне кім қандай үлес қосты деп сауал тастау маңызды болар. Бұл ата-баба аңсаған Тәуелсіздіктің құны мен қасиетін арттыру түсетіні сөзсіз. Осы орайда, сөз ертеңгі ұлт тәрбиешілерін қалыптастыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің орны ерек.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті заманымыз жаңарған қазіргі таңда қазақ қыздарының шамшырағына айналып, елінің болашағына игілігін тигізе алатын тұлғалар дайындап отыр десек, артық болмас деп ойлаймыз.

Қыздар университетінің жыл сайынғы ұйымдастырылатын ЖОО-лар арасындағы рейтингтік көрсеткіштерде көшбасшы қатарынан орын алуы ұзақ жылғы еңбекттердің жемісі деп білеміз. Мәселен, биылғы жылы университет «QS Stars University Ratings» халықаралық рейтингі бойынша «3 жұлдызға» ие болды. Бұрын мұндай орынға тек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана көтерілген болатын. Яғни, Қазақстан бойынша бұл көрсеткішке тек екі университет ие болғанын ескерсек, Қыздар университеті педагогикалық университеттер арасындағы бұл деңгейге шыққан тұңғыш университет болмақ. Осының бәрі ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойына орай университетіміздің мемлекетіміздегі қоғамдық білім беру мен тәрбие ісін жүзеге асыратын сапалы да сындарлы кадрлар дайындауға қосқан мол үлесі деп білемін.

Қазына Аймағамбетова,

ҚазМемҚызПУ-дың құрметті профессоры