Ақынның ақмаржан жырлары

Егемен Қазақстан жалпыұлттық республикалық газеті

Thenews.kz жаңалықтар порталы

№225 (28953) 23 қараша, 2016 жыл//Авт. Сапарбай Парманқұлов // https://www.egemen.kz/2016/11/23/76510 // https://thenews.kz/2016/11/23/2194126.html

Жақында Қазақ мем­ле­­кет­тік қыздар педа­го­гикалық университетінде көзі тірісінде оннан аса кітаптың авторы болған белгілі ақын, ақжарма айтыскер Есенқұл Жақыпбековті еске алуға арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.

Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақ­тауды, мол мұрасын жас­тарға насихат­тауды мақ­сат тұтқан кешке өнер­дегі қаламдас достары, шәкірт­­тері, ақынның өмір­лік жары Мең­сұлу Сұл­танқызы, елімізге белгілі айтыскер ақындар, эстрада ән­шілері, арулар орда­сының өнер­паз жастары, сонымен қатар, тұлғаның туған жері - Алматы облысы, Жамбыл ауданынан құрметті қонақтар келіп қатысты.

Кешті Қазақ Мем­ле­­кет­тік қыздар педа­го­гикалық универ­ситетінің рек­торы Динар Нөкетаева аш­ты. «Есенқұл Жақып­беков - халқы­мыз­дың ұлттық әдебиеті мен мәде­­ниетінің мәртебесін биік­­тет­кен, ақын­дық өнер­дің көрнекті өкілі, бірі емес, бірегейі. Есаға­мыз - ақын­дық өнерімен бір­ге, айтыс өнерін қатар тіз­­гін­­деген жан. Ол - жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жал­ғап, өнерін өрістеткен суы­рып­салма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаң­басы қалыптасқан талантты ақын­дар­дың қатарынан ойып тұрып орын алған айтулы тұлға. Оның халық арасындағы асыл қазынасы, артына қал­дырған мұрасы - мәң­гі өлмейтін мөлдір жыр­­­лар», деп атап өт­кен Д.Нөкетаева кеш­тің құр­метті қонағы, ақын­­ның жары Меңсұлу Сұл­тан­қызына қазақы дәс­түрмен сый-сыяпат көр­­сетіп, ақ орамал мен оқалы кам­зол кигізді және гүл шоғын табыс етті.

Ақтаңгер жанның шы­ғар­ма­шы­лығына ар­нал­ған кеште жүрек­жар­ды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған «Қара күз», «Алдай-ау», «Біздің елдің жігіт­тері», «Аққуым», «Сен ұмыт­па», «Сен жалынсың», «Есіл дүние», «Тұманды күн», «Өмір өтті-ау зыр­ғып ағып» әндері әуе­ле­­те шыр­қалды. Халық жадын­да сақталған жауһар ән­дерімен қатар кеште ақын­ның «Қаныбек» тер­месі, «Барады өтіп келте өмір» толғауы орын­дал­ды. Универ­си­тетінің мәдени-тыны­ғу жұмысы маманды­ғы­ның студенттері «Ақын өлең­дері­нен компози­ция» атты театрлан­дырыл­ған қойылым көрсетіп, ақын өлең­дерін сөйлетсе, ұс­таз­дарын сағынышпен еске алған шәкірттері «Ұстазыма», «Қош, Есаға!» атты арнау өлең­дерін оқы­ды. Ақын өмірі мен шы­ғар­машы­лы­ғынан сыр шер­­те­тін бейне­фильм көрсетілді.

Ақынның өзі бап­та­ған шәкірттері, айтыскер-ақын­­дар Айдана Қайсабек пен Жал­ғас Садырұлы айты­сып, кешке көрік бер­­гендей. Және де кеш­те шара­ның құрметті қонақ­­тары бол­ған, ақын­ның өлеңдерін айтып, көп­­шілік­ке насихаттап жүр­ген белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев пен Үмбе­т­әлі мұражайының дирек­­торы, ақын Әуелбек Ыс­қақов естелік­терімен бөліс­ті. С.Қалиев қасиетті дом­бы­рамен ақын өлең­дерін айтып берсе, Ә.Ыс­қақов Есенқұл Жа­қып­беко­в­тің айтқан­дарын жи­­нап, дайындап жатқан «Деген екен…» атты кіта­бы­­­нан біраз үзінділер оқыды.

Бірегей сыр­шыл лирик ақынның шығарма­шылық кеші жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің жүрегін әнімен тербетті.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ