Оқу бағдарламалары қайталанбауы тиіс

24.kz телеарнасы

6 ақпан, 2017 жыл // 21:10 // Ұлан Нарынбек // http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/162234-o-u-ba-darlam

Мектеп пен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары бірін-бірі қайталамауы тиіс. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған студенттермен кездесуде айтты. Ол «бір білім сатысы екінші білім сатысымен үйлесімді сабақтасуы қажет» деп атап өтті. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушыларын осы мәселені шешуге атсалысуға шақырды. Кездесуде қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жайы да сөз болды. Қазір ол математика бойынша – 25, әдебиет бойынша 26 балды құрайды. Биылдан бастап жүзеге асатын «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы да түсіндірілді. «Бұл бастама – әртүрлі себеппен мамандық ала алмай қалған жастарға үлкен қолдау», - дейді депутат.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары: - 60-80 мың аралығындағы жастарымыз не мамандығы жоқ, не жұмысы жоқ болып қалып жатқан үрдіс бар. Соны жою үшін Елбасының ұсынысымен жаппай кәсіптік-техникалық білім беру жобасы қолға алынып отыр. Ол бірнеше жылдан кейін 100 мыңға жуық жасты оқытып шығуы керек.