Ұятпен өскен ұрпақпыз

«Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

№141 (18273), 24 желтоқсан, 2016 жыл // Толқын Жұмашова

Ауылдан түлеп ұшқандықтан болар, салт-дәстүрімізге біршама қанықпыз. Бүгінгі күні, жасыртыны жоқ, ұлттық өрнек жоғалып бара жатқан сияқты. Бұрын ауылдағы жасы үлкен жандардың айтқан бірауыз сөзінің өзі қандай еді? Оны екінші рет қайталатудың өзі артық болатын. Орнымен, аз сөзбен жеткізген әңгімесінің өзі мақалаға бергісіз еді. Әжелеріміздің зілді сөзі ұлттық тәрбиенің бастауы болғанын да кейіннен ғана ұға бастадық.

Біз сол аналарымызбен бен әжелерімізден « ұят болады» мен «ысырап боладыны» жадымызға тоқып өстік. Қасиетін ұғынғандықтан не нәрсенің де жеңіл еңбекпен келмейтіндігі, қажырлы қайраттың арқасында маңдайға бітетінін ұқтық. Ешнәрсені далаға лақтырмақ.

Қанша жылдардан бері педагог болғандықтан да осындай ойлар мені жиі мазалайтын. Бұл ойларымның шешімін жақында «Егемен Қазақстан» газетінен оқыған, кейіннен кітап болып басылған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Дала ұлағаттары» атты құнды еңбегінен таптым.Бұл елім деген жылы жүректен шыққан асыл сөз екенін аңғардым.

Аталмыш кітапта: «Біздің халқымыз ежелден ізгілік пен адамгершілікті бойына сіңірген, жақсылықпен бауырмалдық сезімін жоғары қойған. Ешкімнің ала жібін аттамаудың қағидатын бала жастан жадына сіңірген, ата-бабаның ұлы тәлім-тәрбиесін ұрпағына аманаттап , салт-дәстүрдің озық үлгісін ұстанған халық. Қазақтың бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздері мен ырым-ниеттерін қарап отырсық, мұнда тек жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу ғана бар. Терең адамгершілік, байыпты имани қасиет, кімге де болсын, адами қамқорлықпен қарау халықтық қағидалардан бастау алып, ғасырлар бойы ұлтымыздың ұғымы болып жалғасып отырды»,- дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Қарапайым да түсінікті жазылған, ең бастысы әр сөзі сенің жүрегіңнің бір кірпіші сияқты қаланып жатады, миыңда жатталып қалатын әуезі де бар.

Сонымен қатар бұл кітапта : « Ата-баба дәстүрін әлде бір жат ағымға мансұқ етіп, діни теріс ағымның байыбына бойламай , өз ұстанған бағытын дұрыс деп қабылдайтындар пайда болады. Көпке топырақ шашып, көкіректерін теріс пиғыл-ниетке жүгіндірген жастардың рухани-имани көздерін ашу – бәріміздің , соның ішінде осы салаға тікелей жауапты жандардың абзал борышы.Адасқанды дұрыс жолға салу, күмәндіні ақиқаттың арнасына бағыттау тұрғысында біз атқарар жұмыстар қазір орасан зор. Бұл – әрі парыз, әрі міндет, әрі сауап»,- делінген. Бұл сөйлем бізге де , яғни, ұстаздар қауымына да қаратылып айтылған міндет әрі парыз деп қабылдадын. Әлі ойы мен пайымы қалыптаспаған , жиырмаға да толмаған , әр үйдің еркесі мен серкесі көздері мөлдіреп алдыңда отырған біздер де оларға Елбасымыз шегелеп айтып жүрген дін мен дәстүрді жастайынан түсндіріп келеміз.

« Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарап өседі», - деп білген қазақ халқы. Қыздар педагогикалық университетінде нәсіз жандар оқитындықтан да көп жағдайда « қыздың жолы жіңішке» деп атай отырып, оларға «қырық үйден» тыйым болғанын басты назарда ұстаймыз. Бүгінгі заман талабына сай болуын, сұлулығы мен сымбатын жан сұлулығымен ұштастыруды ұмыт қалдырмаймыз.

« Сұлу болғың келсе , алдымен сыртыңды түземе, сырыңды түзе», - дейді дана халқымыз. Қыздардың жан сұлулығын арттыру үшін ең алдымен үлкенді сыйлап , кішіні аялаудан бастап, адамгершілік, арлылық, мейірімділік, ізгілік, кешірімділік, кеңпейілділік, жанашырлық , бауырмалдылық , ибалылық, ісмерлік, сезімталдық және білімділік тәрбиелерін мықтап ұстау керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіщұлының «Ұлы Дала ұлағаттары» атты кітабы тәрбиелік мәні зор кемел еңбек. Бұл әрбір үйдің төрінен орын алып, күнделікті қарап оқып, отбасылық құндылықтарды сақтауда таптырмас құрал. Ал болашақ мамандар дайындап отырған жоғары оқу орындарында әәрбір дәрістің осы зор еңбекпен басталып , осы еңбекпен аяқталғаны жөн болар еді. « Біз Ұлы Дала елінің кешегісін бүгінге , бүгінін ертеңге жалғаймыз. Оның ұлы тарихын жаңа дәуірде жарқыратып жаңадан жазамыз. Жаңа ғасыр – үшінші мыңжылдықта Қазақстанның қолтаңбасын басамыз», - деп қорытындылайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Ұлы Дала ұлағаттары» атты еңбегін. Біз осы ойларды қолдаушы, әрі сол үшін қызмет ететін, Қазақстан болашағы үшін тер төгетін елміз.

Толқын ЖҰМАШОВА