Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Динар Нөкетаева, Алматы мәслихатының депутаты, ҚазМемҚызПУ ректоры: Үндеу – Қазақстанның өзіндік «авторлық моделі»

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяи газеті

4-бет, №13 (3085) 27 қаңтар, 2017 жыл // Үндеу пікір // https://aikyn.kz/2017/01/27/1992.html

Динар НӨКЕТАЕВА,

Алматы мәслихатының депутаты, ҚазМемҚызПУ ректоры:

Үндеу – Қазақстанның өзіндік «Авторлық моделі»

Елбасы Н.Назарбаевтың «алдымен – экономика, одан кейін – саясат» деген ұстанымының бұған дейін берген уәдесі бойынша өзгеретін сәті туғанын уақыт айқындап берді. Мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына билік тармақтарын бөлу жөніндегі Үндеуінен осыны түйдім.

Дәл қазіргі уақытта жаһандану жүйесі әлем мемлекеттері алдына түрлі сынақтарды кесе көлденең қойып отыр. Осы орайда, Қазақстан да дүниежүзілік өзгерістен қалмай, оған сәйкес ілесу қажет. Өйткені Президент айтқандай, «заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруіміз керек».

Елбасы реформаның екі негізгі бағыт бойынша іске асатынын мәлімдеді. Біріншіден, экономикалық-әлеуметтік процестерді реттеудегі Президенттің біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берілсе, екіншіден, билік тармақтары арасындағы қатынастарды теңгерімді ету бағытында заң шығарушы органның рөлін күшейту. Яғни, Парламенттің бақылауы үлкен тетікке айналады. Бұл билікті халыққа беріп, оның мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласуына зор мүмкіндік беретіні анық.

Кезінде мемлекеттік басқару жүйесі шатқаяқтап тұрған уақытта тәуелсіз Қазақстанға мықты президенттік басқару тетігі керек болғанын білеміз. Ол өзін-өзі ақтады деуге толық негіз бар. Енді жаңадан басталған тәуелсіздіктің ширек ғасыры дамудың әлемдік қағидаттарына ықпалдасқан Қазақстанның жаңа дәуіріне есік ашпақ. Сондықтан Елбасы Үндеуі соны өзгерістерге жетелейтін мемлекет шежіресіне жаңа тарих пен жаңа заман беттерін ашып, елімізді іргелі де ірі серпіліске жетелемек.

Сондай-ақ бұл Үндеу Елбасы Н.Назарбаевтың Конституцияның басты кепілі екенін кезекті рет дәлелдеп берді.Мұндай реформа – әлем елдері алдындағы Ұлы дала елінің өзіндік авторлық моделі болып, талай мемлекетке үлгі болары сөзсіз.