Билік тармақтарын жүйелі жаңғыртады

«Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газеті

4-бет, №22 (29003), 2 ақпан, 2017 жыл // Авт. Сапарбай Парманқұлов // https://www.egemen.kz/2017/02/02/97798

Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар уни­вер­си­тетінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының мү­ше­ле­рі – Алматы қалалық мәслихатының бір топ депутаты оқытушы-профессорлар құрамымен және студент­термен кездесті. Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі әлеуметтік-эко­но­микалық үдерістерді реттеуге байланысты билік құ­рылымдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу туралы Үн­деуі талқыланды.

КездесудіТәу­ел­сіздік партиясы Саяси кеңесінің мү­шесі, Алматы қалалық мәс­­ли­ха­ты­ндағы депутаттық фра­­к­ция мүшесі, Қазақ мем­ле­­кет­тік қыздар педа­го­ги­ка­л­ық университетінің ректоры Динар Нөкетаева ашып, осын­дай қызу талқылаулар ең­бек ұжым­дарымен қатар, бар­лық жо­ғары оқу орындарында өтіп жат­қанын айтып, арнайы келген депутаттарды таныстырды.

– Мемлекет басшысының конституциялық реформа­лар жасау туралы жаңа ұсы­нысы әлемдегі болып жат­қан саяси құбылыстардың бар­лығын ескере отырып, әб­ден қорытылған идея­лар ар­қылы негізделген шынайы, билік тармақтарын қай­та жасақтаудың нақты жобала­ры болып табылады. Бұл қа­­дамдар биліктің басқару ны­­­сандарындағы жүйелерді жаң­­­ғыртып, ондағы ауыр қи­мыл­дайтын тетіктерді жаңа­ша қоз­ғалысқа түсіретіні анық. Бұл шын мәнісіндегі ел­де болатын нағыз саяси құ­рылымдық өзге­ріс­тер, – деді Динар Нөкетаева.

Жиында сөз алған Алматы қала­лық мәслихатының депу­тат­­тары – «Алматы ақша­мы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Ильдаш» та­тар гуманитарлық даму орта­­л­ы­ғының төрағасы Нурия Ниязова, «Алматы ме­неджмент және қызмет көрсету» колледжінің директоры, Алматы қаласы әкімдігі жа­нындағы әйелдер және от­ба­сылық-де­мографиялық сая­сат жөнін­дегі комиссияның мү­ше­сі Роза Бадаева, фило­софия ғылым­дарының док­торы, ҚазМҚПУ әлеу­мет­тік-гума­нитарлық пән­дер фа­культетінің доценті Сапар Оспанов, университеттің 3-курс студенті, «Парасатты на­ғыз лидерлер одағы» пікір­та­лас клубының төрайымы Іңкәр Алмасбек өздерінің ой-пі­кір­лері мен ұсыныстарын біл­діріп, бұл тарихи құжат елі­міздің дамуындағы жаңа ке­зеңнің басталуы деп баға берді.

– Бұл ұсыныстар – қо­ғам­дағы үлкен өзгерістердің бас­тамасы ғана емес, ендігі жер­де билік тармақтарының қыз­метіне деген халықтық ба­қылауды күшейту деген сөз. Де­путаттар өз сайлаушылары мен мемлекеттік аппараттың ара­сын байланыстыратын алтын көпір болса, енді мына өзгерістер енгізілген соң, еліміздегі барлық әлеуметтік, саяси, экономикалық үдері­с­т­ердің барлығына қадағалау жүргізе алатын құқықтарға ие болатыны қуантады. Мәжіліс депутаты кез келген министр­ден атқарылған істердің нә­ти­жесін талап етумен бірге, оны жауапкершілікке тарта алатындығы халықтың кө­кей­інен шығып отыр, – деді мәслихат депутаты Қали Сәрсенбай.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Алматы қала­лық филиалының баспасөз хат­шысы Қайым-Мұнар Табеев 26 қаңтардан бері бар­лық аудандық филиалдар мен бастауыш партия ұйым­дарында белгіленген жос­пар бойынша Үндеуді талқылау жүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мәс­ли­хат депутаттарының қа­тысуымен партиялық пі­кір ал­­масу алаңдарында, ең­бек ұжы­мдарында қызу тал­қы­лау­лар жалғасуда.

Жиын соңында мәслихат депутаттары да, оқытушы-про­фессорлар құрамы мен сту­денттер де Елбасының би­лік тармақтарына кон­сти­ту­циялық өзгерістер енгізу ту­ралы Үндеуіне бірауыздан қол­дау білдірді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ