Өзгерістен – өрлеуге

«Президент және халық» республикалық қоғамдық-саяси газеті

2-бет//№4 (594), 3-ақпан, 2017 жыл //Үндеу пікір // Тынысбек Қоңыратбай, ҚазМемҚызПУ профессоры // http://pr-hal.kz/rubrikasiz/zgeristen-rleuge/

Елімізде мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесіне байланысты пәрменді жұмыстар атқарылуда. Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару туралы Өкім шығарды. Жаңа нормаларға қатысты сарапшылар не дейді екен? Пікірлеріне құлақ түрелік.

Тынысбек ҚОҢЫРАТБАЙ,
ҚазМемҚызПУ профессоры

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуі қазақстандықтарды бей-жай қалдыра алмады. Осы кезге дейін елімізде президенттік билік үстемдік етіп келген болса, алдағы кезде билікті Парламент пен Үкімет арасында бөлісу туралы ұсыныс жасалып отыр. Барлығы 40-қа жуық өкілеттіліктер Президент құзырынан шығарылып, Үкімет мүшелерін Парламент сайлайтын болады. Сайлау науқанында жеңіске жеткен партиялардың Парламенттегі орны да жоғары болмақ. Мұны еліміздегі демок­ратиялық үдерістің кезекті бір сатысы ретінде қабылдау қажет.
Билік тармақтарын жіктеу туралы да Үндеуде жақсы ай­тылған. Яғни елімізді демократияландыру бұрынғы заң­дарымызға тиісті толық­ты­рулар мен өзгертулер енгізу ар­қылы жүзеге асырылады деп көр­се­тілген.
Мұндай қадамдарға бару уақыт талабы деп білемін. Бұл игі бастамаларды зама­на ағымынан туындап отырған өз­геріс­тер деп түсіну қажет. Оның Қазақстан Респуб­лика­сы­ның экономикасына, саяси құрылысына, құқықтық-бас­қару жүйесіне оң табыстар әке­леріне сеніміміз мол.