Келешегімізді бағдарлаған // Алтынай Тымболова, филология ғылымының докторы

«Ана тілі» ұлт газеті

3-бет, №7(1369), 16 ақпан, 2017 жыл//Авт.Алтынай Тымболова, филология ғылымының докторы // Конституциялық реформалар бағдарламасы // http://anatili.kazgazeta.kz/?p=41189

Елбасының ел өміріндегі ерекше маңызы бар Үндеуінде заман келбетінің өзгеруіне қарай мемлекеттің басқару жүйе­сіне билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты мәселелер атап көр­сетілген.

Қос бағдар бойынша жү­зеге асырылатын реформада біріншіден, Президенттің әлеу­меттік-экономикалық үдерістерді үйлестіретін өкілет­тіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға бері­ліп, оған толықтай жауапты Үкімет, министрліктер және әкім­діктер болып белгіленді. Екінші күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге күш салу болып табылады. Рефор­маның нәтижесінде Парла­мент­тің рөлі күшеймек. Ал осы Парламент сайлауының нәти­жесінде жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын анықтайтын болады.
Елбасы «бұл реформа біздің дамуымыздың қи­сы­ны мен тұтастай қазіргі за­манғы даму қисынына арқа сүйейді» деп алдағы уақытта жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге қарсы тұрарлық күш қалыптастыруымызды, даму көкжиегімізді тағы бір ­бекемдеуге шақырады.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жігер жұмылдыру керектігіне баса назар аудартады.