«Шахнама» сарыны

«Ана тілі» ұлт газеті

12-бет, №7(1369), 16 ақпан, 2017 жыл // Авт. Гүлнұр Әбішова // http://anatili.kazgazeta.kz/?p=41104

Қазақ мемлекеттік Қыздар уни­верси­тетінде Иран мәдениетінің күні өтті.

Университетте парсы тілін меңгеріп жатқан студенттерді тарихы тамырлас Иран елінің мәдениетімен жақынырақ ­таныстыруды мақсат тұтқан шараға сол елден келген қонақтар, сонымен қатар шығыстанушы ғалымдар, Алматы қаласының ЖОО парсы тілі оқытушылары мен Қыздар университетінің оқытушылары, студенттері қатысты.
Шараның шымылдығы алдымен университеттегі парсы тілін меңгеріп жатқан студенттердің дайындауындағы шағын концертпен ашылды. Иран Ислам ­Республикасынан келген арнайы қонақтардың Фирдаусидің «Шахнама» шығармасынан үзінділер оқуы көңілден шықты. Кеш ­барысында «Рүстем мен Сухроб» қойылымының тұсауы кесілді. Шара барысында ирандықтардың қолөнер, көркем сурет көрмесін көпшілік назарына ұсынылды. Онда Қазақ халқының ұлық шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуұлының қазақ тіліне аударған «Шаһнама» атты еңбегі қойылды.

Гүлнұр ӘБІШОВА