«Ы.Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы

«Радио 7» сайты

7 наурыз, 2017 жыл // Авт. Шынар Ғалымбекқызы // http://radio7.kz/?p=3964

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастырумен мектеп бітіруші оқушылар арасында «Ы.Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатындағы байқау биылғы жылы осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, биология, география, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, физика, химия, математика пәндерінен тест түрінде өтті. Семей қаласы бойынша барлығы 10 мектептен 25 оқушы қатысты.

Олимпиаданың бірегей ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады. Максималды көрсеткіш – 160 балл.Олимпиада қорытындысы ағымдағы жылдың наурыз айында белгілі болады, І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар ҚазМПҚУ ректорының грант иегері атанады. Ал тиісті көрсеткіштік ұпай жинаған оқушыларға серификаттар беріліп, ҚазМПҚУ- де оқуына 10 пайыз жеңілдік беріледі.

Шынар Ғалымбекқызы