Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткен «Ы.Алтынсарин – 2017» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

«Білімді ел» газетінің сайты

24 сәуір, 2017 жыл // Авт. «Қыздар университеті» медиа орталығы, Нәзира Елеухан // http://bilimdinews.kz/index.php/item/2894-t-ysh-ret-khaly-araly-de-gejde-tken-y-altynsarin-2017-olimpiadasyny-zhe-impazdary-any-taldy// //

Бүгін Қыздар университетінде еліміздің мектеп бітірушілері арасында өткен халықаралық «Ы.Алтынсарин – 2017» пәндік олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, олимпиада республика бойынша Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атырау, Орал қалаларында 3 наурыз күні өткен болатын. Білім сынағы әр облыстағы білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып өткізілді.

Ал, тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткен Ы.Алтынсарин олимпиадасы 17 наурыз күні Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия елдерінде өтті. Елімізде өткен байқау қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, тарих, химия және метематика пәндері бойынша өткізілді. Ал, шетелдік талапкерлер қазақ тілінен тест тапсыру, эссе жазу және мәнерлеп оқу бойынша 3 кезеңнен тұратын сыннан өтіп, бақтарын сынады. Қырғызстан Республикасында олимпиада мектеп бітірушілері арасында ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша алты пәннен жүргізілді: орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, химия және математика. Білім сайысының ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл болды. Дәстүрге айналған шара 2012 жылдан бері оқу орынның басшысы Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының бастамасымен өткізіліп келеді.

Марапаттау рәсіміне өз елімізде өткен олимпиаданың жүлдегерлерімен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолияның жеңімпаз атанған оқушылары және олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты.

Олимпиаданың марапаттау рәсімін университет ректоры Динар Нөкетаева салтанатты түрде ашып, барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады. Алғы құттықтау сөзінде оқу орны басшысы мектеп түлектерін университет тарихымен, тыныс-тіршілігімен, университеттің білім алушы студенттерге беретін барлық мүмкіндіктерімен қысқаша таныстырып өтіп, І дәрежелі дипломдарды жеңімпаздарға өз қолымен салтанатты түрде табыс етті. Ал, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды оқу орынның Бірінші проректоры Баходир Әлиев пен Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Зәуреш Сабырова табыстады. Алғаш рет халықаралық деңгейде өткен олимпиада жеңімпаздарын марапаттау құрметі елімізге белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбеновке берілді.

Биыл «Ы.Алтынсарин-2017» пәндік олимпиадасына еліміздің барлық облыстарынан 4000-ға жуық оқушы қатысса, шет елдерде өткен білім сынағына 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша шет елде өткен білім сайысында 22 оқушы, республика бойынша 27 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, республика бойынша олимпиаданың деңгейінен өткен 1253 қатысушы ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына жеңілдік беретін арнайы сертификаттармен марапатталды. Аталмыш сертификатқа шетелдік мектеп бітіруші 136 түлек те ие болды.

Салтанатты шараның алғы құттықтау сөзінде Мұрат Әбенов: «Бүгін ерекше мерекелік күн. Бұл залға бүгін Қазақстаннан ғане емес, көршілес елдерден «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан кіл үздік оқушылар жиналып отыр. Сондықтан бүгін баршаларыңызды нағыз дүниежүзілік, халықаралық білім мерекесімен құттықтаймын! Көп жылдық тарихы бар, беделі бар, ерекше оқу орнының бұл олимпиаданы өткізуі үлкен маңызға ие. Еліміздегі педагогика саласын дамыту, оның ішінде әр пән бойынша жақсы мамандар дайындау, барлық кезде бар жағынан алдыңғы қатарда болу кез-келген оқу орнының қолынан келе бермейді. Жаңа ғана ректордың аузынан естідіңіздер, 60 мыңнан аса педагогтарды дайындап шығарған киелі шаңырақ – Қыздар университеті Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1 орынға ие. QS Stars University Ratings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленіп, үш жұлдызды тұңғыш қазақстандық педагогикалық университет атанып отыр. «Ұстаздар ұстаханасы» саналатын Қыздар университетінің жетістігін әрқашан біз естіп, байқап, біліп жүреміз. Динар Жүсіпәліқызы басшылыққа келгелі көп үлкен өзгерістер енгізілгендігін, керемет жетістіктерге қол жеткізіп жатқандықтарын көріп қуанып отырмын. Әсіресе, қазақ қыздарына шет елде білім алуға мүмкіндік беретін Қосдипломды білім беру бағдарламасының енгізілгені қуантты. Бұл олимпиаданың Қазақстанда ғане емес, халықаралық деңгейді өткендігі – жастарға берілген үлкен мүмкіндік», деп атап өтіп, барша жеңімпаз атанған жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.

Шара барысында «Talent Management Centre» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Дидар Болтаев,Өзбекстан Республикасының Қазақ мәдени орталығы, білім және ғылым Департамент төрағасының орынбасары Клара Садырбаева, Монғолия Республикасы Баян-Өлгий аймағы білім, мәдениет, өнер басқармасының қазақ тілі маманы Әсемгүл Ибрагимқызы және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, шетелдік қандас қаракөз қыздарға беріліп отырған үлкен мүмкіндіктер үшін оқу орын басшысы Динар Нөкетаеваға үлкен алғыстарын білдірді.

«Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда мәдениет, спортпен қатар, білім саласындағы ынтымақтастық шараларының орны ерекше. Оны бүгін өздеріңіз күә болып отырған осынау білім мерекесінен айқын аңғаруға болады. Біз шетелдегі ағайындардың балаларын да сырт қалдырмай, өз отандарында білім алуға мүмкіндік беріп отыған Қыздар университеті басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл шараға атсалысқанымызға өте қуаныштымыз және алдағы уақытта да өз үлесімізді қосуға дайынбыз», деді Өзбекстан Республикасының Қазақ мәдени орталығы, білім және ғылым Департамент төрағасының орынбасары Клара Садырбаева.

Өз кезегінде халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары да қуаныштарын жасырмады. Өзбекстан Республикасы бойынша бірінші орын жеңімпазы Меруерт Пернеева мен Моңғолия Республикасы бойынша бірінші орын иегері, Баян Өлгий аймағы, Руханият мектебінің 12 сынып оқушысы Жүзік Төлеухан тебірене сөз сөйлеп, қуаныштарын жыр жолдарымен жеткізіп, арнау өлеңдерін оқып берді.

«Менің қуанышымда шек жоқ. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жеңімпаз атанғанымды алғаш естігенде тіптен қуандым. Мені қолдап ата-бабамның кіндік қаны тамған жерге алып келген ата-анама, Баян Өлгийдегі барша туған-туыстарыма үлкен алғысымды білдіремін. Арулар ордасы туралы жақсы таныспын. Жақсы мамандықтар дайындалады екен. Киелі қара шаңырақты бітірген қыздардың жаман болмайтынын білем. Көптеген белгілі тұлғалардың осы білім ордасынан шыққаны қуантты. Тәрбие орталығы болып табылатын Парасат мектебінде білім алатындығыма өте қуаныштымын. Өзім өлең шығарып, жазуға жақын болғандықтан Сіздерде шығатын университет газетімен де кейін тығыз жұмыс істеп, дүниелерімді шығарғым келеді», дейді олимпиаданың жеңімпазы, тегін оқуға мүмкіндік алған ақын қыз Жүзік Төлеухан.

«Ы.Алтынсарин» олимпиадасының салтанатты марапаттау рәсіміарнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Шара аясында қонақтар университеттің кампустарын, кітапхана мен спорт кешендерін аралап көріп, әр мамандық туралы толық мағлұмат, ерекшеліктері, ұсынылатын жеңілдіктері туралы ақпараттар алды. Сондай-ақ, Қыздар университетіндегі «Ақ тұмар» мұражайын тамашалады.

Мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатындағы байқау биылғы жылы осымен алтыншы рет ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 70 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар бірегей Қыздар университеті мемлекеттік лицензия негізінде педагогикалық кадрларды 41 мамандық бойынша бакалавр, 23 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандықта PhD докторларын даярлайды. Еліміздің түкпір-түкпіріне педагог мамандарды даярлайтын киелі шаңырақта қазіргі таңда 700-ден астам профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда. Оқу орны 70 жыл ішінде 60 мыңнан аса педагог дайындап шығарған киелі шаңырақ. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО ішінде бірінші орынды иеленген ең үздік университет. Қазіргі таңда университет шетелдік 31 ЖОО-мен, Франция, Түркия, Қытай, Германия, Польша, Сингапур, Ресей елдерінің озық тәжірибелі университеттермен тығыз байланыс орнатқан. LAMS Ұлыбритания университетімен, АҚШ-тағы Миссисипии мемлекеттік университеттерімен қосдипломдық оқу бағдарламасын іске асырып отыр, яғни осы бағдарлама бойынша бітірген студенттер екі диплом ала алады.

Университет алғашқылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшкен, қазірде үш сатылы білім беруді (бакалавриат-магистратура-докторантура) жүзеге асырып жатқан білім ордасы. Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару және білім беру жүйесі жасалынып, «Универ» корпоративтік компьютерлік-коммуникациялық желісі оқу үдерісіне енгізілген.

Тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып отырған Қыздар университеті студенттік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөледі. Білім ошағында 40-тан аса студенттік ұйымдар мен клубтар бар. Студенттер үшін «Хабаршы» ғылыми журналы, «Алашшыл жас» жастар журналы, «Қыздар университеті» газеті, «Қыз Жібек» студенттік газеті, Кіші ғылым академиясы, «Тек қана қыздар» көңілді тапқырлар клубы, ұлт аспаптар оркестрі, хор, елімізге әйгілі «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы, «Жан сарайы», «Еңлік» студенттер театры, «Қыз қылығы», «Бұлбұл қыздар», «Шебер қыздар», «Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт» үйірмелері жұмыс жасайды. Студенттердің мәдени танымын жетілдіруге бағытталған түрлі кештер университет көлемінде, факультет аясында және топ ішінде жүйелі түрде жүргізіледі. «Өмірі үлгі жастарға» атты жоба аясында елімізге белгілі тұлғалармен, өнер, қоғам қайраткерлерімен, көрнекті ғалымдармен, белгілі ақын-жазушылармен кездесу кештері өткізіліп тұрады. Мұнда сонымен қатар, «Қазақ аруы» арнайы курсы жүргізіледі. Курс жаһандану үдерісінде ұлттық мүддені жоғары қоя отырып, салт-дәстүрді бағалайтын, этномәдениетті, мінез-құлқы мен санасы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған. Айта кетейік, республика көлемінде үлкен резонанс тудырған, аруларымызға арналған танымдық «Қыз Жібек» клубы да республикада алғашқы болып университетте құрылған.

Университет қабырғасындағы әр күн, әр сағатты оқумен, ізденіспен өткізіп, заман талабына сай, әлемдік бәсекеге қабілетті маман болып шығуға барлық жағдайлар жасалған. 1 млн. аса кітап пен 700 мыңға жуық электрондық оқулықтары бар бай кітапхана бар, ғаламтор желісі тегін қызмет көрсетеді, барлық оқу корпустары мен жатақханаларға WI-FI желісі тартылған. Спортпен айналысуға да барлық жағдайлар жасалған.

Бір сөзбен айтқанда, елімізде ғана емес, ТМД елдері арасындағы жалғыз қыздарға арналған университет тегін жатақханамен, тегін тамақпен, тегін интернетпен, заман талабына сай оқу базасымен, зертханалық құрал-жабдықтармен, бай кітапхана қорымен қамтамасыз етілген.

Жеңімпаз атанған барша мектеп түлектерін жеңістерімен құттықтай отыра, төменде «Ы.Алтынсарин – 2017» олимпиадасының биылғы жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Пән атауы Аты-жөні Мектептің аты

Қазақ тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Айтбаева Нұрай Айтбайқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов ат. №26 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Қадыржанова Жансая Қадыржанқызы

Атырау қаласы, Атырауоблыстық дарынды балаларға арналғанұлттық гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Қазыбек Аружан Үркенқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы, №91 Ы. Алтынсарин ат. жалпы орта мектебі

Орыс тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Талғатбек Алтынай Қазбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей

2-дәрежелі диплом иегері

Абжанова Алия Кайратовна

Қарағанды қаласы, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені

3-дәрежелі диплом иегері

Сайдолла Ақсұңқар Серікқызы

ОҚО, Шымкент қаласы, №58 жалпы орта мектеп

Тарих

1-дәрежелі диплом иегері

Заманбекова Айнур Толеубекқызы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылындағы орта мектебі

2-дәрежелі диплом иегері

Қаржаубай Ақбота Бақбергенқызы

ОҚО, Төле би ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі

3-дәрежелі диплом иегері

Есетова Лаура Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

География

1-дәрежелі диплом иегері

Әбдіғаппар Айдана Еркінқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, "№3 Жаңақорған аудандық жалпы білім беретін мектеп-интернаты

2-дәрежелі диплом иегері

Шадыбай Сара Кенжебайқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, Б. Момышұлы ат. №6 мектеп-гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Убайдулла Наргиза Бауыржанқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №196 орта мектеп

Биология

1-дәрежелі диплом иегері

Жұмабай Арайша Қазбекқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,

Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Абдрахманова Жанайым Айдосқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Абдуллаева Гүлнұр Ерболқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

Физика

1-дәрежелі диплом иегері

Мәдуан Диана Әуелбекқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарындыбалаларға арналған мамандандырылған "Дарын"мектеп-интернаты"

2-дәрежелі диплом иегері

Жарылқасынқызы Ұлжан

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Сүннен Айгерім Бақытжанқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарындыбалаларға арналған мамандандырылған "Дарын"мектеп-интернаты"

Ағылшын тілі

1-дәрежелі диплом иегері

Абайдулла Мөлдір Еркінқызы

Қызылорда қаласы, №212 мектеп-гимназия

2-дәрежелі диплом иегері

Кенжебекқызы Мереке

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Махмудова Диана Умиджановна

ОҚО, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «№104 Е.Юсупов атындағы жалпы орта мектебі»

Химия

1-дәрежелі диплом иегері

Шабар Назерке Мейрамбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Ізтай Ботакөз Болатбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Нұрмахан Ақерке Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

Математика

1-дәрежелі диплом иегері

Тлеуқұлова Мөлдір Ерболқызы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ж. Акылбаев ат. мектеп-гимназия

2-дәрежелі диплом иегері

Бақытқали Камила

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Шайкасымқызы Жанерке

Тараз қаласы, Ерекше дарындыбалаларға арналған мамандандырылған "Дарын"мектеп-интернаты"

«Қыздар университеті»

медиа орталығы