Әз-Наурызды тойлады

«Ана тілі» ұлт газеті

10-бет, №17 (1379), 28 сәуір-4 мамыр, 2017 жыл // Б. Мұратқызы //

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 21 сәуір «ақ түйенің қарны жарылған» күн болды. Иә, Ару қыздар мекенінде ұлыстың ұлы – әз-Наурыз мейрамын тойланды. Шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Ұлар» ансамблі өнерпаздарының күмбірлете күй тартқаны, бишілердің мың бұрала билегені жарасымды болды.

Университет шеберлерінің қолынан шыққан төл туындылар «Қазақтың қолөнері – төл өнері» атты көрмде ұсынылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан, «Наурыз көжеден» дәм татты.

«Наурыз – берекем, наурыз – мерекем» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.

Физика-математика факультетінің ұжымы «Құда түсу» салтын көрсетсе, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұстаздары «Қыз ұзату», «Беташар» рәсімдерін көрсетті. Өзге факультеттердің ұсынған «Құрсақ шашуы» «Бесікке салу», «Тұсаукесер» салттарына арналған қойылымдар да көңілден шықты.

Мерекелік кеш арқан тарту, асық ату, тымақ ату, тоғызқұмалақ тәрізді ұлттық ойындармен жалғасты.