Алматыда «Ы.Алтынсарин-2017» Республикалық пәндік олимпиадасы өтті

Алматы телеарнасы «Күліп оян» бағдарламасы

14 наурыз, 2017 жыл 07:00 // Авт. Бақыт Жақаш, Елдар Мұқаш //https://www.youtube.com/watch?v=FEe7_uz4f58

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен еліміздің мектеп бітіруші түлектері арасында «Ыбырай Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара биыл 6 рет өткізілуде.

Мектеп түлегі СНХ.

Дәстүрлі түрде өткізілетін байқау биыл тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткізіліп отыр. 17 наурызда 5 бірдей мемлекеттің 11-сынып оқушылары сынақтан өтетін болады. Атап айтсақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Ресей елдерінде. Қазіргі уақытта олимпиадаға қатысуға тілек білдірушілерді тіркеу жалғасуда.

Қалимаш Елшібаева, ЖОО дейінгі білім беру мен мансап бөлімі басшысы СНХ:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сәуір айында анықталып, марапатталады. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және тестілеуге қажетті өту балын алған жағдайда оқу ақысына 90 пайыздық жеңілдік беретін дипломмен марапатталады. Жүлделі орын алмағанымен олимпиаданың жоғары деңгейінен өткендер 10 пайыздық жеңілдікке құқық беретін сертефикаттармен марапатталады.

Бақыт Жақаш, Елдар Мұқаш