Ел тірегі –жастар

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

4-бет, №75 (3147) 24 мамыр, 2017 жыл // Ғалия ЖҮРСІНБЕКОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ­
Дене тәрбиесі және валеология кафедрасының
аға оқытушысы // https://aikyn.kz/2017/05/24/14392.html

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындары арасында түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізілуде. Оның дәлелі – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде де дәл осындай тақырыпта конференция ұйымдастырылды.

Шараға университеттің бар­лық оқытушылар қауымы мен студенттері қатысты. Кон­фе­­ренция барысында «Рухани жаңғырудың басты бағыт-бағ­дары әлемдік үдеріске бастайды» тақырыбында педагогика ғы­лым­­дарының докторы, про­фес­­сор Сайра Жиенбаева баян­дама жасап, сапалы білім беру мен жастардың бойындағы патриот­тық сезімді арттыру турасындағы мақсат-міндеттерге ерекше тоқталып өтті. Оқытушылар мен студенттер өз ұсыныстарын айтып, алдағы жүзеге асырылуы тиіс жоспарды бекітті. Сұрақтар қойылып, пікір алмасу, талқылау жүргізілді. Сондай-ақ алдыңғы жолдауларды жүзеге асыру мақса­­тында жасалған жұмыстар легі айтылып, есеп берілді. Елі­мізді біртұтас, бірлігі жарас­қан берекелі мемлекет етудің бір­ден-бір күші – жастар. Сон­дықтан өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды, тілді, салт-дәстүрді, Отанды сүю мен елге адал қызмет етуді сіңіру педагогтің басты міндеті және «компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әрбір сту­денттің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында» екені білгілі. Сол себепті, «Цифрлық Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды уни­вер­­­­ситетаралық тұрғыда іске асырудамыз.
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тарымыз басымдық беретін ме­же­лердің қатарында білім әр­дайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген көшбасшымыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ, жастардың білім алуына, бәсеге қабілетті болуына жағдай жасап келеді. Нәтижесі де көз қуан­тарлық. Бірақ адам баласы әсіресе жастарымыз білім мен ғылымға келгенде ашкөз болуы тиіс. Ешқашан болдым, толдым демей, өмір бойы білім мен біліктілікті арттыруға міндетті. Өскелең ұрпақтың ұстаздарды, үлкендерді үлгі тұтып, соларға еліктеп өсетінін де естен шығар­мау керек. Кез келген адам өзінің өзгеге үлгі бола алатын­дығын жадында ұстаса, сол жолда талмай еңбек етсе, біздің балаларымыз бен ұрпағымыздың білімді, қайсарлы һәм парасатты болып өсетіні хақ. Сондықтан қай-қайсысымыз болсақ та оқудан, ізденуден, білуден әсте қол үзбегеніміз абзал. «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Ол – әлемдегі ең дамы­ған 30 елдің қатарына қосылу» дей келе Елбасы үлкен сенім артып отыр. Сондықтан нақ­ты­ланған, бекітілген тапсырмалар бойынша біз де жұмыс жасауға әзірміз. Елбасы артқан сенімді ел болып қолдап, бірлесе жүзеге асырайық!

Ғалия ЖҮРСІНБЕКОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ­
Дене тәрбиесі және валеология кафедрасының
аға оқытушысы