Ұлағатты ұстаз еді

«Ана тілі» ұлт газеті

10-бет, 9-бет, №8 (1370), 23 ақпан, 2017 жыл

77 жасқа қараған шағында ардагер ұстаз, оқу-ағарту ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Рысбай Сәтімбекұлы өмірден озды.

Р.Сәтімбекұлы 1968 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұстаздық қызмет атқарды. Осы уақыттар аралығында ол сапалы білім мен саналы тәрбие беру саласында ерен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленді.

Республикамызда тұңғыш рет жарық көрген 10 томдық «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының» (1997-2007) алқа мүшесі болды және оған 200 –ден астам мақаласы енді. Сондай-ақ мектептерге арналған биология пәндері бойынша төл және жаңа буын оқулықтарының, жоғары оқу орындарына арналған «Адам анатомиясы», «Қазақстандағы табиғи қорықтар және биоалуантүрлілік», «Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік» және «Экология және Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» және мектептерге арналған «Қызықты биология» деп аталатын жеке 5 кітаптан тұратын оқу құралдарының авторы. 700-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде халықаралық және республикалық журналдар беттерінде жарияланды.

Республикалық БАҚ-пен тығыз байланыста болды. «Ана тілі» газетінің тұрақты авторы еді. Осы уақытқа дейін оқырмандар көңілінен шығып жүрген «Қызыл кітап» айдарын жүргізіп келді.

Ардақты азамат, ұлағатты ұстаз бейнесі ешқашан ұмытылмайды.

«Қазақ газететтері» ЖШС және

Серіктестікке қарасты басылымдардың

еңбек ұжымдары