• Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

    Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

  • Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

    Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

  • International school of education

    International school of education

  • Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

    Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

  • «Интернет-премия EAPU» – 2017

    «Интернет-премия EAPU» – 2017

  • Соңғы жаңалықтар
  • БАҚ біз туралы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 1-курс студенттерін қабылдады

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 1-курс студенттерін қабылдады

АЛМАТЫ. 22 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде «Студенттік шақ – қайталанбас ғажап сәт» атты студенттер...

22-11-2017

Толығымен

Қыздар университетінің студенттері Тұңғыш Президент Қорының шәкіртақысына ие болды

Қыздар университетінің студенттері Тұңғыш Президент Қорының шәкіртақысына ие болды

АЛМАТЫ. 22 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4-курс студенті Әсел Бесимбаева, Қазақ филологиясы және әлем...

22-11-2017

Толығымен

Тарихшы Бейбіт Қойшыбаевпен кездесу өтті

Тарихшы Бейбіт Қойшыбаевпен кездесу өтті

АЛМАТЫ. 22 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде белгілі тарихшы, жазушы-публицист Бейбіт Қойшыбаевпен кездесу өтті. Алаш Орданың 100...

22-11-2017

Толығымен

Дәстүрлі шара өз жалғасын тапты

Дәстүрлі шара өз жалғасын тапты

АЛМАТЫ. 21 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі Физика-математика факультетінде өз жалғасын тапты. «Студенттік...

21-11-2017

Толығымен

Жаңа оқу құралдары жарыққа шықты

Жаңа оқу құралдары жарыққа шықты

АЛМАТЫ. 20 қараша. Media_Ortalyq – «Қыздар университеті» баспасынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының...

20-11-2017

Толығымен

Семинар-тренинг педагогтардың біліктілігін арттыруға арналды

Семинар-тренинг педагогтардың біліктілігін арттыруға арналды

АЛМАТЫ. 20 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жаңартылған бағдарлама бойынша кіріктіріліп оқытудың педагогикалық тәсілдері» тақырыбындағы семинар-тренинг басталды...

20-11-2017

Толығымен

Апталық дайджест: 13.11.17 – 18.11.17

Апталық дайджест: 13.11.17 – 18.11.17

АЛМАТЫ. 20 қараша. Media_Ortalyq – 13.11.2017 ж. – 18.11.2017 ж. аралығында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті...

20-11-2017

Толығымен

Қыздар университетінде «Күз сыйы» атты байқау мәреге жетті

Қыздар университетінде «Күз сыйы» атты байқау мәреге жетті

АЛМАТЫ. 19 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің арасында «Күз сыйы» атты байқау өтті. Педагогика және психология...

19-11-2017

Толығымен

Әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті

Әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті

АЛМАТЫ. 18 қараша. Media_Ortalyq – «Фольклор және текстологияның өзекті мәселелері». Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде осындай атаумен жиын өтті. Белгілі...

18-11-2017

Толығымен

Қыздар университетінің студенті «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» байқауының Гран-при иегері атанды

Қыздар университетінің студенті «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» байқауының Гран-при иегері атанды

АЛМАТЫ. 17 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Жетпісбаева «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» байқауының...

17-11-2017

Толығымен

Басқосу құқықтық сауаттылықты арттыруға арналды

Басқосу құқықтық сауаттылықты арттыруға арналды

АЛМАТЫ. 17 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған алқалы басқосу өтті. Жиынға оқу орнының...

17-11-2017

Толығымен

Өнер және мәдениет факультеті бірінші курс студенттерін қабылдады

Өнер және мәдениет факультеті бірінші курс студенттерін қабылдады

АЛМАТЫ. 16 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультеті бірінші курс студенттерін қабылдады. Биыл факультетке...

16-11-2017

Толығымен

Қыздар университеті командасы футзалдан күміс медальға ие болды

Қыздар университеті командасы футзалдан күміс медальға ие болды

АЛМАТЫ. 16 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған құрама команда футзалдан Ұлттық студенттер Лигасының шешуші ойындарында...

16-11-2017

Толығымен

«Астана – арман қала» тақырыбында басқосу өтті

«Астана – арман қала» тақырыбында басқосу өтті

АЛМАТЫ. 16 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Астана – арман қала» тақырыбында жиын өтті. Басқосуға оқу орнының...

16-11-2017

Толығымен

Қазақстан тарихына байланысты жаңа кітап жарық көрді

Қазақстан тарихына байланысты жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. 16 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі» атты жаңа оқу құралы жарық...

16-11-2017

Толығымен

Жаратылыстану факультеті 200 студент қабылдады

Жаратылыстану факультеті 200 студент қабылдады

АЛМАТЫ. 15 қараша. Media_Ortalyq – «Қош келдің арулар ордасына!» Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінде осындай атаумен студенттер...

15-11-2017

Толығымен
Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Ө.Байділдаев атындағы патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Massaget.kz» порталы

24 сәуір, 16:14 / Байқау / http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/27884/

23 сәуір күні Қыздар университетінде белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек Байділдаев атындағы V қалалық «Туған ел» патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл туралы «Қыздар университеті» медиа орталығы хабарлады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетіне қарасты мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен V қалалық ән байқауына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің және т.б. оқу орындарының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Байқауға ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет, Парасат орденінің иегері Майра Ілиясова бастаған өнер саласының қайраткерлері қазылық жасады. Қазылар алқасының құрамында сонымен қатар Өмірбек Байділдаевтың туған інісінің ұлы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кескіндеме және мүсін» факультетінің деканы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Байділда болды.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Дана Қарамолдаеваның айтуынша, байқауға қатысуға 30-дан аса жас әнші ниет білдірген. «Ақтық сынға оның 17-і ғана өтті. Университетіміздің құрметті ұстазы Галина Жұмабекқызының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан байқау биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - еліміздің музыка мәдениетінде өзіне тән қолтаңбасымен дараланған кесек тұлғалы композитор, білімді ұстаз, сонымен қатар, зерделі музыка зерттеушісінің шығармашылығы мен әндерін насихаттау және жас талантты әншілердің қолдау, жолдарын ашу», - деді Д.Қарамолдаева.

Қалалық деңгейде өткен байқауды Ректор аппаратының жетекшісі Санат Айнақұлов салтанатты түрде ашты. Алғы сөзінде С.Айнақұлов: «Өмірін өнерімен өрнектей білген Өмірбек Байділдаев біздің оқу орынның Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сол жылдары музыка мәдениетінің тарихы мен теориясын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып, көптеген әндерімен баға жетпес мұра қалдырды. Оның халық арасында кең тараған «Туған ел», «Қазақстан салтанаты», «Алматым - астанам», «Қимаймын сені», «Ауыл кеші», «Май жыры», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жаңа жыл кешінде», «Сұлу екен Алматының қыздары» және т.б сәтті туындылары – Қазақ саз өнерінің қорына қосылған өзіндік мол мұра. Бұл байқау жастарды отансүйгіштікке баулып, туған тіл мен өнерге қызығушылықтарын арттырары сөзсіз», деп атап өтіп қатысушыларға сәттілік тіледі және шараға арнайы қонақ болып келген Өмірбек Байділдаевтың жұбайы Қамила Байділдаеваны оқу орынның мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен марапаттады.

Үлкен дайындықпен келгенін көрсеткен қатысушылар талап бойынша 2 әннен айтты. Бірінші ән Өмірбек Байділдаевтың шығармашылығынан алынса, екінші ән өз таңдауы бойынша патриоттық тақырыпқа арналды. Үміткерлер әндерді шынайы, табиғи дауыспен, аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. Кеш осымен ерекше болды. Үш сағатқа созылған байқауда Байділдаев әндерімен қатар, әр қазаққа ыстық «Атамекен», «Туған ел», «Өз елім менің», «Туған жер» сияқты көптеген патриоттық әндер шырқалды.

Байқау қорытындысы бойынша ән доданың Бас жүлдесіне Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ІІІ курс студенті Мейрамбек Таганов ие болды. І орынды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының екі бірдей студенті - «Эстрада-вокал» мамандығының 1 курс студенті Азамат Амангелдіұлы, «Музыкалық драма әртісі» мамандығының 3 курс студенті Айдар Ақыпбаев және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» бөлімінің 4 курс студентіМейірбек Балнұр иеленді. Атап өтейік, бас жүлделерді алған жеңімпаздардың барлығы «Бас жүлдеге» лайық болды. Сондықтан қазылар алқасы үшеуіне бірдей бірінші орынды берді. Төрт үздік орындаушы сонымен қатар, Майра Ілиясованың «Сағындырған әндер-ай» концертіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жолдама жас әншілердің үлкен сахнаға шығуына, бақтарын сынауға, танымал әнші болуға септігін тигізері сөзсіз.

ІІ орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Оралғазина Гүлім мен Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Эстрада вокалы» мамандығының 2 курс студенті Ақиқат Ержанат өзара бөлісті. ІІІ орын Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Эстрада вокалы» мамандығының 1 курс студенті Ғабидоллаева Айсана мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» бөлімінің 4 курс студенті Баймұратов Нұрсұлтанға бұйырды.

Бұдан өзге «Әсем дауыс», «Көрермен көзайымы», «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. «Патриоттық әнді үздік орындаушы» аталымына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Зауатбек Асхат пен Қосыбай Мұхтар лайық деп танылса, «Көрермен көзайымы» аталымына Қыздар университетінің студенті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2 курс студенті Бақыт Байымбетова, «Әсем дауыс» атағына Қыздар университетінің студенті «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Күнімқыз Шералиева ие болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш шара соңында сонымен қатар, байқауға демеушілік көрсеткен Өмірбек Байділдаевтың шәкірті Гүлнар ЧимбаеваРектордың Алғыс хатымен марапатталды.

Мәдениетіміздің мақтанышына айналған Өмірбек Байділдаевтың шығармашылығы мәңгілік. Композитордың халық мұрасынан бастау алған әндері мен күйлері – бүгінгі ұрпақ үшін де, келешек ұрпақ үшін де сарқылмайтын мол рухани қазына болып қала бермек.

Өмірбек Байділдаев 1932 жылы, 10 мамырда Жамбыл облысының, Қордай ауданындағы «Күнбатыс» деген жасыл желекті, көрікті ауылда дүниеге келген. 1954 жылы Қазақстанның халық әртісі Р.Омаровтың домбыра сыныбы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1954-1965 жылдары Қазақ ҚСР-і телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің музыка редакциясының редакторы, бас редакторы және көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

1967-1997 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде, Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент, профессор қызметтерін атқарды. Білікті ұстаз, тәлімді тәрбиеші болған Ө.Байділдаев педагог кадрлар даярлауда да өнегелі жұмыстар жасады. Оған осы еңбегі үшін профессор атағы берілді. 1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өмірбек Байділдаев ғылыми-педагогикалық салада профессор атағына ие болса, қаламгерлік жолда – Журналистер одағына мүшесі, ал, сазгерлік салада – Композиторлар Одағына мүшесі болып жемісті жұмыстар атқарды.

Сурет: Қыздар университеті