• Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

    Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

  • Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

    Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

  • International school of education

    International school of education

  • Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

    Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

  • «Интернет-премия EAPU» – 2017

    «Интернет-премия EAPU» – 2017

  • Соңғы жаңалықтар
  • БАҚ біз туралы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

С. Ержанова: Жан тазалығы

С. Ержанова: Жан тазалығы

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Ержанованың...

20-01-2018

Толығымен

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы мәреге жетті.

19-01-2018

Толығымен

Қыздар Университетінде Елбасы Жолдауы талқыланды

Қыздар Университетінде Елбасы Жолдауы талқыланды

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты...

19-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: суда жүзу

Спартакиада күнделігі: суда жүзу

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Media_Ortalyq – Қыздар Университетінде өтіп жатқан дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы шеңберінде суда жүзуден жарыс өтті.

18-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: дартс

Спартакиада күнделігі: дартс

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы арасында өтіп жақтан «Денсаулық» спартакиадасы аясында дартс ойынынан жеңімпаз...

18-01-2018

Толығымен

Қыздар Университетінде «Құрышжанов оқулары» өтеді

Қыздар Университетінде «Құрышжанов оқулары» өтеді

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Media_Ortalyq – 31 қаңтар күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде белгілі түрколог, тұңғыш қыпшақтанушы ғалым Әбжан Құрышжанұлының...

18-01-2018

Толығымен

Халықаралық конференция хореографиялық білімнің болашағына арналды

Халықаралық конференция хореографиялық білімнің болашағына арналды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Media_Ortalyq – «Хореографиялық білім: ынтымақтастық, болашағы мен дамуы». Осындай атаумен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық конференция...

17-01-2018

Толығымен

Педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушыларына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары Педагогикалық шеберлік...

17-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: үстел теннисі

Спартакиада күнделігі: үстел теннисі

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Media_Ortalyq – Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы арасындағы үстел теннисінен жарыс қорытындыланды.

16-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: шахмат

Спартакиада күнделігі: шахмат

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Media_Ortalyq – Қыздар Университетінде өтіп жатқан «Денсаулық» спартакиадасының аясында ерлер арасындағы шахмат ойынынан жарыс мәреге жетті.

16-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: арқан тарту

Спартакиада күнделігі: арқан тарту

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы «Денсаулық» атты спартакиада өз жалғасын табуда.

16-01-2018

Толығымен

Спартакиада күнделігі: эстафета

Спартакиада күнделігі: эстафета

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы арасындағы «Денсаулық» спартакиадасының алғашқы күнінде шағын эстафеталар жарысы мәреге...

15-01-2018

Толығымен

Қыздар Университетінде дәстүрлі спартакиада басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қыздар Университетінде дәстүрлі спартакиада басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы басталды.

15-01-2018

Толығымен

Хореографиялық білімнің дамуына арналған Халықаралық конференция өтеді

Хореографиялық білімнің дамуына арналған Халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Media_Ortalyq – 17 қаңтар күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Хореографиялық білім: ынтымақтастық, болашағы мен дамуы» атты...

15-01-2018

Толығымен

Апталық дайджест: 08.01.18 – 13.01.18

Апталық дайджест: 08.01.18 – 13.01.18

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Media_Ortalyq – 08.01.2018 ж. – 13.01.2018 ж. аралығында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті...

15-01-2018

Толығымен

Гаухар Алдамбергенова «Шалқар» ұлттық радиосының бағдарламасына қатысты

Гаухар Алдамбергенова «Шалқар» ұлттық радиосының бағдарламасына қатысты

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Шалқар» ұлттық радиосының Алматы студиясындағы бағдарламасына қатысып...

14-01-2018

Толығымен
Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Парасат мектебіндегі Наурыз тойы

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газеті

19-бет, №47 (5240), 2016–21-сәуір// Рая Ескендір //

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұжымы мен студенттері Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесін тойлады. Қазақы нақышта киінген қыздар, көрмелер, ұлттық ойындар, айналаны кернеген әсем әуен, тәтті күй мен мың бұралған би көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ә дегенде, ақ шатыр астына жиналған көпшілік қауым «аластау» рәсімін көрді. «Алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деп кимешек киген аналар мен орамал тартқан келіндер ықылым заманнан келе жатқан қазақы ырым-нанымды жасап, адыраспанмен аластап шықты. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, үлкен ақсақал бата берді.

Университет ректоры Динар Нөкетаева: «Біз де, міне, Қой жылын шығарып салып, мерейлі Мешін жылына қадам бастық. Қой жылында Қазақ хандығының 550 жылдығын дүйім жұртқа сауын айтып, дүркірете тойладық, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын биік деңгейінде атап өттік.

Қой жылы Қыздар университетіне де қамбалы, қадірлі жыл болды десек қателеспейміз. Жалықпай қайталауға дайынбыз, былтырғы жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республикадағы ең үздік педагогикалық оқу ордасы атанды. Еліміздегі жоғары оқу орындары арасындағы ең үздік «топ-20» университет ішінде 7 орынды иемденді. Біз тағы да «Сала көшбасшысы» болып танылдық. Мұның барлығы Қыздар университеті үшін Қой жылының берекесі мен мерекесі, жетістігі мен жемісі көп болғанын айғақтайды» деп бастап, баршаны көктемнің шуағымен, көңілдің шаттығымен келіп жеткен жыл басымен құттықтады.

Ұлыс күнін тойлау «Ұлыс – тойдың аты, Наурыз – айдың аты» атты мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Сахна төріне небір өнерпаз қыз-жігіттер шығып, әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті. «Томирис» би ансамблі әр ұлттың биін билеп, тамаша тарту етті. Ал, «қазақ аруы» әні орындалғанда талшыбықтай бұралған бұрымды қыздар төгілтіп тұрып киген қазақ көйлектерінен дефиле көрсетті. «Наурызнама» сахналық композициясы көрсетілді.

Университеттің алты факультеті ғылыми педагогикалық қызметкерлері мен студент-жастары әртүрлі ұлт өкілі болып киініп, олардың салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын көрсетуден жарыс ұйымдастырды. Мысалы, сайысқа өз халқымыздан өзге, орыс, башқұрт, қырғыз, татар, ұйғыр, белорусь, әзірбайжан, украина, неміс, тәжік, дұнған, грузин, үндіс, грузин, араб, кәріс, өзбек, грек сынды жиырмаға жуық елдердің әдет-ғұрпы таныстырып, өнерлерін көрсету сайысы – биыл бірінші рет өтіп отыр. Педагогика және психология факультетінің Дене тәрбиесі және валеология кафедрасының әзірлеуімен «тоғызқұмалақ», «асық ату», «қалпақ ату», «шахмат» тәрізді түрлі ойындар ойнатылып, ойыншылар қызығушылығы арта түсті.

Сондай-ақ, игі шара аясында «Бірлік біздің қасиетті туымыз» атты көркемсурет және қолөнер бұйымдарынан көрме ұймыдастырылды.

Мереке соңында, қастерлі тағам – Наурызкөже таратылды.