• Егер СЕН дарынды, ақылды, өзіңнің қабілетіңе, күшіңе сенімді болсаң, «Ы. Алтынсарин – 2017» пәндік олимпиадасына қатыс!

    Егер СЕН дарынды, ақылды, өзіңнің қабілетіңе, күшіңе сенімді болсаң, «Ы. Алтынсарин – 2017»...

  • IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ

    IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ

  • Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

    Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

  • International school of education

    International school of education

  • Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

    Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

  • Соңғы жаңалықтар
  • БАҚ біз туралы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Ең үздік жанкүйер – Қыздар университеті студенттері

Ең үздік жанкүйер – Қыздар университеті студенттері

Cүйінші! Қыздар университетінің белсенді арулары, жоғары оқу орындар ассоциация және «Вечерний Алматы» vecher.kz газетінің редакциясы ұйымдастырған республика көлемінде өткен «Ең...

24-02-2017

Толығымен

Эразмус+ жобасына байланысты конференция өтті

Эразмус+ жобасына байланысты конференция өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 ақпанында «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы...

24-02-2017

Толығымен

Мұқағали мұрасына арналған көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті

Мұқағали мұрасына арналған көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 22 ақпан күні Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұйытқы болуымен «Сөз зергері» зияткерлік-шығармашылық клубының...

23-02-2017

Толығымен

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған семинар өтті

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған семинар өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жеке кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. 

17-02-2017

Толығымен

«Жас Отан-2017» кубогына арналған волейбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Жас Отан-2017» кубогына арналған волейбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы ЖОО арасында «Жас Отан-2017» кубогына арналған волейбол ойындарынан өткен қалалық волейбол жарысында Арулар...

17-02-2017

Толығымен

Ғылымға қызығушылығы зор студенттерге арналған семинар

Ғылымға қызығушылығы зор студенттерге арналған семинар

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 14 ақпан күні Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері»...

16-02-2017

Толығымен

Эразмус+ бағдарламасы таныстырылды

Эразмус+ бағдарламасы таныстырылды

Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Тасбулатова Шайзада Өмірзаққызымен аталмыш жобаны түсіндіруге арналған ақпараттық сессия болып...

15-02-2017

Толығымен

Жібек Шахмарданқызы – студенттер айтысының жүлдегері

Жібек Шахмарданқызы – студенттер айтысының жүлдегері

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенті Жібек Шахмарданқызы республикалық «Өнер алды-қызыл тіл» атты...

15-02-2017

Толығымен

«Қазақ қызы және гендерлік саясат» тақырыбында дебат өтті

«Қазақ қызы және гендерлік саясат» тақырыбында дебат өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті биылғы 2016-2017 оқу жылын – Ғылым жылы деп жариялап отыр. Осыған орай университетіміздің Ғылым және...

15-02-2017

Толығымен

«Парасатты НЛО» клубының мүшелері Жолдауға қолдау білдірді

«Парасатты НЛО» клубының мүшелері Жолдауға қолдау білдірді

Қыздар университеті «Парасатты НЛО Нағыз Лидерлер Одағы)» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшелері «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел...

14-02-2017

Толығымен

«Студенттер Альянсы» Жолдауды талқылады

«Студенттер Альянсы» Жолдауды талқылады

Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 25 қаңтар айында Үндеуін жариялап, сол жайтқа тұспа-тұс 31 қаңтар күні Жолдауын жариялады. Осы орайда...

14-02-2017

Толығымен

Композитор Байқадамовқа арналған кеш

Композитор Байқадамовқа арналған кеш

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 13 ақпан күні Өнер және мәдениет факультетінің ұйымдастыруымен белгілі композитор, қазақ музыка мәдениетінде дара тұлға...

14-02-2017

Толығымен

Қыздар университетінде Иран күндері өтті

Қыздар университетінде Иран күндері өтті

Бүгін Қыздар университетінде Иранның ұлттық өнер, дәстүрлі музыка және революция күніне орай Иран Мәдениеті күні өтті.

10-02-2017

Толығымен

«Есіңе мені алғайсың...» атты дәстүрлі Мұқағали оқулары өтті

«Есіңе мені алғайсың...» атты дәстүрлі Мұқағали оқулары өтті

Қазақстанның қай қыры: қаласы, даласы, облысы, ауданы, ауылы болсын ешкімнен ешқандай бұйрық күтпей ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнін тойлайды...

09-02-2017

Толығымен

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жолдауды талқылады

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жолдауды талқылады

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау және қолдау...

07-02-2017

Толығымен

Мәжіліс вице-спикері Қыздар университетінде

Мәжіліс вице-спикері Қыздар университетінде

Бүгін Қыздар университетінде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»...

06-02-2017

Толығымен

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

«Қала мен Дала» республикалық қоғамдық, әлеуметтік-саяси газеті

16-бет, №45-46(102-103), 2 желтоқсан 2016 жыл// Авт. Назира Елеухан, «Қыздар университеті» медиа орталығы

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында «Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт» деп көрсеткендей, 2016 жыл – Мәңгілік ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы. Ширек ғасырға жуық уақыт аралығында тәуелсіз еліміз тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары негізінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Алғашқы жылдарда экономика мен әлеуметтік өмірде орын алған қиындықтарға қарап біздің елдігімізге күмәнданған жандар да табылды. Дегенмен, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты нәтижесінде мемлекетіміз болашағы баянды ел ретінде жетекші мемлекеттер арасындағы өз бет-бейнесін айшықтады. Ең бастысы Қазақ елінің шекарасы айқындалып, ол Ресей, Қытай, Өзбек елі Парламентінде тиісті ратификациядан өтті, заңды құжатқа айналды. Шекара делиматация, демаркация жасалып, ешкім қол сұға алмайтындай заңмен көмкерілді. Өткенімізді түгендемей, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жеткен жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, барымызды тағы бір мәрте саралау дамудың жаңа кезеңіне өтуге, ең бастысы «Мәңгілік ел» ретінде тарихтың заманауи жаңа келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта және Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында зерделеу, Тәуелсіздігімізді шыңдаған ширек ғасыр, 25 жыл аралығындағы табыстарды түйіндеу, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құру мен нығайтудағы рөлін айшықтау мақсатында бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған алқалы басқосуға республикаға танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, ЖОО ректорлары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, отандық және шетелдік саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы ғалымдар мен Қыздар университетінің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Халықаралық конференция барысында Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу мен даму жолы, толағай табыстары, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығы, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары мен оны баянды етудің басты мәселелері, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы орны, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық идеологияның қалыптасуындағы Елбасының рөлі мен ерен еңбегі, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелер мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамырының зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістері жан-жақты талқыланып, талданды.

Конференцияны ашқан Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева: «Кең байтақ Қазақстан – ата-бабамыз қазақтың ежелгі мекені, жерұйық қонысы, ұлан-ғайыр даласы, жазира жақұты, жер жәннаты. Киелі атамекеннің қасиетті топырағында ұлтымыздың кіндігі кесілгенімен қаншама жыл бодандықтың езгісінде езілдік, күрестік, қасқая қарсы тұрдық, қаншама боздақтарымыз жан тәсілім етті. Сан жылдар бойы егемендік арманымен құндақталған осы ата-баба арманына 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткізіп, айдай әлемге атымызды мәшһүр еттік. Бүгін Алатаудай арманымызға, мұхиттай жайылған айдынды орындалған тілегімізге жеткенімізге аттай 25 жыл. Ал қарыштап дамыған Қазақстан осы жолда нені бастан кешірмеді?! Тәуелсіздік – халқымыздың бостандыққа ұмтылған қайсар рухының жемісті жеңісі. Үш жүз алпыс бес күндегі ең қастерлі дата. Ел Тәуелсіздігін жаһанға жария еткен сәттен бастап дербес мемлекет ретінде бізді әлем төбесіне көтере бастағаны ақиқат. Қадірменді қауым! «Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді адастырмай апаратын жалғыз ғана жарық жұлдызымыз – Темірқазығымыз бар. Ол – тәубе қылатын, тәу ететін біздің ұлы Тәуелсіздігіміз» деп Елбасы айтқандай егемендігіміз елімен бірге жасай беретіні даусыз! Әлем бейбітшілігінің Жәннаты – «Мәңгілік Ел» Қазақстан гүлдене берсін!», деп атап өтіп, барша қауымды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Одан әрі сөз алып, «Замана сыны» деген тақырыпта үлкен баяндама жасаған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уалихан Қалижан: «Дөңгеленген дүние шыр айналып тұр. Бірақ енді кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып, сол елдің шекарасынан жалтақтамай ары өтесің, бері өтесің. Өйткені сен қазақ елінің өкілісің, Қазақстан азаматысың! Төбеңде желбіреген көк туың бар, жүрегіңнің тұсында бойыңды қуаттандыратын Әнұраның бар, аты жаһанға танымал Елбасың бар. Сондықтанда баяғыдай Кеңестер Одағының «орысы» емес, қазақпын деп жалтақтамай, есіктегі басың төрге шыққанына мән де бермей, шалқақтай жүресің, еркін күлесің. Өйткені сен тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің азаматысың. Иә, осындай заманды ата-бабаларымыз армандағаны қашан! «Ер етікпенен су кешті, ат ауыздықпен су ішті». Ер «еңку-еңку жер шалды, қорамсағына қол салды, бір салғанда мол салды», осын-ау кең жазира қазақ даласында қазақ мемлекетін құру үшін, жан алысып, жан берісті. Күндіз көз ілмеді, түнде бел шешіп төсекке жатпады, сондағы Тәуелсіздік еді сенгені.

Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе! Ол егемен ел болам деген қазақтың арманы еді. «Елім-ай-лап» зарлады, қызыл қырған кезінде 4 миллион қазақты аштық жалмады. 48 мың ұлтын сүйген Алаш оғландары мен қыздары атылды, жер аударылды, елінен, ана тілінен айрылды. Бірақ санадағы сәуле өшпеді. 1986-дың желтоқсанында Алматының қақ төрінде, Алатаудың етегінде қазақтың ұл-қызы тағы да қызыл қанды қырғынға ұшырады. Енді қазақ қызы күң бола алмайды, енді қазақ ұлы құл бола алмайды! Қылбұрау бостандық рухын тұншықтыра алмайды. Аппақ қар қып-қызыл түске боялды! Қазақтың ғасырлар бойы бұғып жатқан ар-намысы оянды. Бұл осылай келген егемендік еді.

Сын сағаты соқты. Осы жойқын халық қаһарынан қаймықпауға бола ма? Қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктің көк жебесі болып Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. Әлем назары Қазақстанға ауды. Жеке мемлекет болып көрмеген, жеке саясатын жүргізбеген кешегі Ресейдің колониясы, Кеңестер Одағының «соқыр ішегі» болған қазақ елі егемендіктің тізгінін ұстай алар ма екен деп сырттан сынап қарағандар да болғаны жасырын емес-ті. Бірақ дос сүйсінді, «жау» күрсінді. Қазақ ел бола алады екен! Қазақ бір көк тудың астына жинала алады екен. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. Тәуелсіздік – біздің «Мәңгілік мұратымыз», Тәуелсіздік «Мәңгілік ел» құрудағы Ұлттық құндылығымыз. Оны көздің қарашығындай сақтау барлығымыздың асыл борышымыз!», деп атап өтіп, еліміздің тәуелсіздік жылдарында бағындырған белестерімізбен қатар, оның қарқынды даму жолын тарата айтып берді.

Қазақстан Республикасының егемендігі бір күнде жүзеге асқан үдеріс емес. Мемлекеттігіміздің тарихы сонау сақ, ғұн дәуірінен бастау алады десек, оның тағы бір тарихи кезеңі патшалық Ресей құрамында және Кеңестер одағы билігімен тығыз байланысты. Осы мәселеге қатысты Ұлыбританиядан келіп, Қазақстан тарихын 15 жылдан бері зерттеп, зерделеп жүрген ағылшындық ғалым, профессор, PhD докторы Александр Моррисон «Қазақстан: патшалық жүйеден бастап, кеңестік биліктен Тәуелсіздікке дейін» атты арнайы баяндама жасап, ел тарихына шолу жасады.

Басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мажитов еліміздің егемендік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізге баға беріп, болашақтағы бағытымызға қатысты өз ойы мен ғылыми тұжырымдамаларын ортаға салса, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Невзат Шимшек мырза Түркия мен Қазақстан арасындағы тығыз достық қарым-қатынас, екіжақты сауда динамикасы жөнінде сөз етті.

Тәуелсіздік тек қана саяси-экономикалық қана емес, еліміздің рухани өміріне де үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік билік жылдарында ғылым мен білім коммунисттік идеология шеңберінен шыға алмағаны жасырын емес. Нәтижесінде еліміздің жүріп өткен жолы мен ұлт болып ұйысуымыздың тарихы қолдан бұрмаланып, жалған тарихи сана қалыптастырыла бастаған болатын. Тек егемендікке қол жеткізуіміз арқылы біз тарихи ақтаңдақтар мәселелерін батыл зерттеп, Отан тарихының өзекті мәселелері туралы шынайы баға бере алдық. Бұл егемендік жылдарындағы тарихи ой-сананың қалыптасуына үлкен жағдай жасады. Конференцияда осы мәселе турасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев өз пікірін ортаға салып,: «Қазақ халқында «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген мәтел бар. Қазіргі заман дамуының ағымына қарасақ, бұл мәтелдегі елу жыл дегенімізді өзгертуге болатын сияқты. Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылдың ішінде елмен бірге, қоғам да, адам да, қоғамдық қатынастар да, ойымыз да, санамыз да мүлдем өзгерді. Соның ішінде тарихи ой-сана да түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда қоғамдық тарихи ой-санамыздың дамуы «Мәңгілік Ел» идеясымен қатар дамуда», деді.

Конференцияда сонымен қатар, Тәуелсіздік жолындағы еліміздің өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімі мен даму моделі жан-жақты талқыланып, бүкіләлемдік қоғамдастық дамуына қосқан үлесі, үлгі боларлық игіліктері мен құндылықтары ғылыми електен өткізілді. Ғалымдар сондай-ақ, Ұлы Дала мемлекетінің серпілісті дамуына баға берді. Шара соңында ұсынымдар бойынша арнайы резолюция қабылданды.

Алқалы жиынның пленарлық мәжілісі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концертпен аяқталды.

Конференция асында «Тәуелсіздік белестері» атты ел тарихы мен жетістіктерінен сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды. Халықаралық конференция жұмысы түстен кейін секциялық жұмыстармен жалғасты.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8(727) 2 79 38 05