• Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

    Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

  • "Ұстаз" бос жұмыс орындар сайты

  • Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

    Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

  • International school of education

    International school of education

  • Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

    Халықаралық Foundation (IFY) бағдарламасы жұмысын бастайтынын

  • Соңғы жаңалықтар
  • БАҚ біз туралы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Ғалым Ислам Жеменейдің еңбегіне арналған семинар өтті

Ғалым Ислам Жеменейдің еңбегіне арналған семинар өтті

2017 жылдың 24 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қабырғасында қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасы...

29-05-2017

Толығымен

«Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасына білім алушыларды тарту» атты халықаралық on-line конференция өтті

 «Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасына білім алушыларды тарту» атты  халықаралық on-line конференция өтті

2017 жылдың мамыр айының 17 жұлдызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы мен «Кітапханатану және библиография»...

26-05-2017

Толығымен

Марина Цветаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған студенттік кеш

Марина Цветаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған студенттік кеш

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Искакова Асият Ғазизқызының ұйымдастыруымен және «Дефектология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен...

26-05-2017

Толығымен

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Елбасы мақаласын талқылады

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Елбасы мақаласын талқылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 17 мамыр күні Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын экономикалық...

26-05-2017

Толығымен

Ақын Әсел Оспанның жинағы жарыққа шықты

Ақын Әсел Оспанның жинағы жарыққа шықты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 19 мамыр күні Ғылыми кітапхана қызметкері, ақын Әсел Оспанның «Ұшқан ұя» атты жыр кітабының тұсаукесері...

23-05-2017

Толығымен

Педагогика және психология факультеті Елбасы мақаласын талқылады

Педагогика және психология факультеті Елбасы мақаласын талқылады

Қазақ мемлекеттік қыздар пеагогикалық университетінде 16 мамыр күні Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық...

22-05-2017

Толығымен

Зейнеп Ахметовамен өткен шуақты күннен үзік сыр

Зейнеп Ахметовамен өткен шуақты күннен үзік сыр

Мамыр айының 11 жұлдызында Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы кітапханада жазушы, этнограф, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» т.б. кітаптардың авторы, халқымыздың қаһарман...

22-05-2017

Толығымен

Ұстаз-профессорға құрмет көрсетілді

Ұстаз-профессорға құрмет көрсетілді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде мамыр айының 15-ші жұлдызында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Низан Ильясовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Жаратылыстану...

18-05-2017

Толығымен

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпараттық сессия

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпараттық сессия

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 16 мамыр күні Біліктілікті жетілдіру орталығында Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен университеттің ғылыми-педагогикалық құрамына...

18-05-2017

Толығымен

«Таза сессия» акциясы жүргізілді

«Таза сессия» акциясы жүргізілді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Студенттік Омбудсмен, «Студенттер Альянсы», «Жас Отан» ЖҚ, «Серт» полиция көмекшілері ұйымдарының бірігуімен мамыр айының 11-ші...

16-05-2017

Толығымен

«Kazakh Love Party» атты мерекелік кеші өтті

«Kazakh Love Party» атты мерекелік кеші өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен  қазақ жастарының ғашықтар мерекесі  «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай...

16-05-2017

Толығымен

Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүше болуының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүше болуының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Биыл Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына – 25 жыл. Осыған орай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Ұлттар арасындағы...

15-05-2017

Толығымен

Мөлдір Қойбағар Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарды

Мөлдір Қойбағар Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарды

Ақжолтай жаңалық! Қыздар университетінің студенті Мөлдір Қойбағар Тараз қаласында самбо күресінен 1999-2000 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен...

15-05-2017

Толығымен

Студенттер елімізге дипломмен оралды

Студенттер елімізге дипломмен оралды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қуанышты жаңалық!Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шет ел асып, білім іздеген студент қыздарымыз елімізге дипломмен...

15-05-2017

Толығымен

Жаһандық әйелдер саммиті Жапонияда өтуде

Жаһандық әйелдер саммиті Жапонияда өтуде

Биыл да жылдағы игі дәстүр бойынша жаһандық әйелдер саммиті Жапонияның Токио қаласында 27-ші рет өткізіліп отыр. Әйел мен гүл егіз...

12-05-2017

Толығымен

Онлайн жүйесінде өткен ғылыми форум

Онлайн жүйесінде өткен ғылыми форум

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 26 сәуір күні Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперациясының дамуының өзекті мәселелері»...

10-05-2017

Толығымен

Тұңғыш Президент күніне арналған форум өтті

«Қала мен дала» республикалық қоғамдық, әлеуметтік-саяси басылым

№44(101) 25-қараша, 2016 жыл // Авт. «Қыздар университеті» медиа орталығы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Парасатты ел көшбасшысы» атты жалпықалалық патриоттық форумы болып өтті.

Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылық, отаншылдық сана-сезімді қалыптастыру, елдік тұғырды құрметтеуге тәрбиелеу, Тәуелсіз мемлекеттің болашағының жарқын болуына аянбай еңбек етуге шақыру, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, Тұңғыш Президент күнінің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени маңыздылығын насихаттау мақсатында өткен форум жұмысына Елбасының сыныптасы, ҚР Елбасы сыныптастары мен курстастары штабының басшысы – Рая Серазитдинова, Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, тіл жанашыры, қоғам қайраткері – Асылы Осман, «Sheberbuild» компаниясының бас директоры – Олжас Сүлеймен, «Болашақ» қауымдастығы Алматы қалалық филиалының директоры – Қымбат Бейсекина, сонымен қатар, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың өкілдері, Алматы қаласының студенттік және жастар ұйымдарының көшбасшылары, G38 студенттік ұйымының студенттері мен оқу орынның белсенді жастары қатысты.

Салтанатты шара ел Әнұранының орындалуымен басталды. Форум жұмысын Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова ашты. «Болашағы жарқын мәңгілік елдің жастары Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Тұңғыш Президент күніне орай білім мен біліктіліктің ордасы, жігерлі де ұлтжанды, отансүйгіш жастардың құтты мекеніне айналған алып шаһар Алматы қаласында бас қосуы – жаңа, игі бастамалардың бастаушысы болмақ. Қазақстан жастарына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көп үміт пен сенім артады. Біз сіздермен егемен еліміздің ертеңі белсенді де жігерлі, бәсекеге барынша қабілетті студент жастардың басын қосып, Елбасымыздың қамқорлығының арқасында табысты істер атқару мақсатында бүгінгі жалпықалалық патриоттық форумына жиналып отырмыз. Бүгінгі залда елінің болашағына бей-жай қарамайтын ең белсенді деген, еліміздің нағыз патриот жастары отыр. Әр жас, әр қазақ өз елінің патриоты болған кезде еліміз жайнайды. Жастар еліміздің дамуына, оның гүлденуіне қалай үлес қоса алады? Бұл мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы – сапалы білім алу. Білімді де білікті жас қана мемлекетіміздің дамыған озық елдер қатарына кіруіне, дамуына өз үлесін қоса алады!», - деп атап өтті З.Сабырова.

Одан кейін сөз алған Елбасының сыныптасы, Қазақстанның тәуелсіздік алуына, егемен елдің аяғының нық тұруына ерен еңбек етіп, кемел келешек жолында стратегиялық бағдарламалар жасап, мақсаты айқын, міндеті зор тың жобаларды жүзеге асырған новатор, Ұлт Көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бір сыныпта білім алған Рая Серазитдинова ел Президентінің балалық шағы, мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларын баяндап, қандай оқушы болғандығын айтып берді. «Нұрсұлтан мектептің көшбасшысы болатын. Біз ол кездегі жалғыз қазақ «Абай» мектебінде оқыдық. Ол сабақты өте жақсы оқыды. Бәріне сабақ оқуға көмектесетін. Әрқашан сыныптың алды болды. «Буревестник» деген өлеңді керемет оқитын. «Біздің буревестнигіміз» дейтінбіз. Еңбекқор, ізденімпаз, білімге ұмтылған жас қашанда мақсатына жетіп, биік белестерді бағындыра алады. Сіздер де білімді болыңыздар. Сіздер тәуелсіз елдің бақытты жастарысыздар. Жастар үшін елде бар мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл оқу орны да қыздар үшін барлық жағдайларды жасаған екен. Бәрін көріп, қанық болдым. Біліммен қатар, тәрбиеге мән беріп отырған бұл шаңырақтың қашанда орны бөлек. Қазақ әрқашан қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Мемлекеттің алға басуының ең бірінші фундаменті қыздар деп танимын», – деген Р.Серазитдинова жастарды ұлтын, Отанын сүюге, құрметтеуге, ана тілін ардақтауға, ел үшін аянбай еңбек етуге шақырып, әрбір істе адал болуға, мейірімділік танытуға үлкендік ақыл-кеңесін берді.

Мемлекеттік тілді насихаттап, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда белсенді ат салысып жүрген белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман да ертеңгі елдің болашағы жастарға ақыл-кеңесін айтып, ел Президентінің әлемдік аренадағы дәрежесі мен деңгейінің, танымалдылығы жайында баяндап, Елбасының қосқан үлесі мен алар орнына тоқталып өтті. «Әлемге танымал Ұлт көшбасшысы Қазақстан үшін ғана емес, адамзат үшін жаралған қайталанбас жан, ұлы тұлға. «Тұңғыш» сөзінің иесі Н.Ә.Назарбаевтің халқының алдында да, мемлекеттің алдында да ерен еңбегі орасан зор. «Тұңғыш» сөзіне ие болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Ол талғампаз бақыт құсындай басқа ғана қонады. Өзіндік ерекшелігімен жаратылысы бөлек жандарда ғана кездесетін зиялылық, зерделік, даналығы бар Н.Ә.Назарбаев дарабоздығымен әлемді мойындатқан дара тұлға», деді А.Осман.

Студент жастардың бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, патриотизм сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру еңселі еліміздің өркендеуінде маңызға ие екендігі анық. Форум барысында көп жастарға үлгі болып жүрген, «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алып келген, «Болашақ» қауымдастығының Алматы қалалық филиалының директоры Қымбат Бейсекина шет елде білім алудың мүмкіндіктерін тілге тиек етсе, Қытай елінде білім алып, өз саласының үздігі ретінде еліне аянбай қызмет етіп жүрген «Sheberbuild» компаниясының бас директоры Олжас Сүлеймен еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен кәсіпкерлікпен шұғылдану, жалпы бизнесте жетістікке жетудің қыр-сырымен және тәжірибесімен бөлісті. «Мен де «Болашақ» бағдарламасымен шет елде оқып, еліміздің гүлденуіне кішкене болсын өз үлесімді қосу үшін қайтып келдім. 9 жыл Қытайда, жарты жыл Америкада тұрдым. Жырақта тұрған кезде туған жеріңнің қадірін білесің дегендей, өзіміздің байтақ, дархан елімізге жететін жер жоқ. Шет елде білім алу ауыл баласы үшін үлкен арман болатын. Оның бәрі Елбасының, Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды. Ол үшін тек білімді болыңыздар! «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», деп ұлы Абай атамыз айтқандай, еңбектенсең, талпынсаң, талаптансаң бәріне де жете аласың», деп жастарды жігерлендіріп, білімді болуға, ел болашағының жарқын болуы үшін аянбай адал еңбек етуге, Қазақ елінің «Алтын ғасырын» бірге жасауға шақырды.

Форум барысында сонымен қатар, Елбасының егеменді елдің дамуына сіңірген еңбегі, тұлғалық қасиеті атап өтіліп, мемлекеттің дамуы мен экономикасының өсуі жастардың қатысуынсыз мүмкін еместігі, болашағымыз жастардың қолында екені айтылды.

«Өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы», деп қорытындыланған форум жұмысы концерттік бағдарламамен аяқталды. Концертте Отан, туған ел, туған жерге арналған әндер шырқалып, Қыздар университеті ақын қыздарының шығарған Елбасыға арнау өлеңдері оқылды.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы