Эразмус+ жобасы

Ташкент қаласында Эразмус+ жобасы бойынша «Орта Азия университеттердегі медициналық білім беруді модернизациялау» тақырыбында бірінші координациялық кездесу өткізілді

Университетіміздің бірқатар оқытушылары 2015-2018 жылдар аралығына арналған Эразмус+ жобасының грантын жеңіп алды.

Осыған орай, Ташкент қаласында ModelHed жобасы бойынша «Орта Азиядағы университеттердегі медициналық білім беруді модернизациялау» тақырыбында бірінші координациялық кездесу болып өтті. Бұл кездесуді ұйымдастырушы - Ташкент медициналық академиясы. Кездесуге Европаның алдыңғы қатарлы үш ЖОО: Лейпциг қаласы Германия, Прага қаласы Чехия, Кошица қаласы Словакия, Өзбекстанның 9 ЖОО және Қазақстанның 3 ЖОО, соның ішінде ҚазМемҚызПУ, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Өзбекстандағы Европалық Кеңес комиссиясы, т.б. бағдарламаға қатысушы елдердің елшілері, сонымен қатар жобаға қатысушы әріптес-мемлекеттер өкілдері қатысты.

«Орта Азиядағы университеттердегі медициналық білім беруді модернизациялау» жобасының негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін университеттегі оқу бағдарламалары арқылы модернизациялау, оқу бағдарламаларының мультимедиялық құрамына инновациялық оқу технологияларын енгізу, Европалық Кеңес университеттерінің ең озық тәжірбиелерін енгізу, медициналық және медициналық емес бағытта мамандықтар даярлауда медициналық-биологиялық оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, салауатты өмір салтын мемлекеттік деңгейде жарнамалау арқылы денсаулық сақтаудың әлеуметтік саясатын халыққа жеткізу болып табылады.

Аталған семинар оқу үрдісін инновациялық технологияларымен оқытуда мультимедиялық және аудиовизуалдық жетістіктерді модернизациялауға үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Дөңгелек үстел барысында «Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі жас гигиенасы» пәнінің болашақтағы жетістіктері, дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету жолдары, Еуропалық әріптестерімізбен скайп-кезесулер, вебинар, конференциялар өткізу, бірлескен мақалалар, ағылшын тілінде оқу-әдістемелік құралдар шығару мәселелері сөз етілді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, жобаға қатысушы Еуропалық әріптес-мемлекеттерінің мүшелерінен құралған жұмыс тобының құрамына ену жобаның тиімділігі деп ойлаймыз.

Жобаға қатысушы әріптестерімізді құттықтаймыз!

Шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестерге жетулеріне тілек білдіреміз!