Егер СЕН дарынды, ақылды, өзіңнің қабілетіңе, күшіңе сенімді болсаң, «Ы. Алтынсарин – 2017» пәндік олимпиадасына қатыс!

2017 жылдың 3 наурыз күні

Құрметті 11-сынып оқушылары!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республикалық деңгейде еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2017 жылдың наурыз айында «Ы. Алтынсарин-2017» пәндік олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада І тур бойынша 2 кезеңде өткізіледі.

1-кезең – Олимпиада белгіленген аймақтарда өткізіледі.

2-кезең – Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, марапаттау. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізіледі.

Мектеп бітірушілері үшін республикалық деңгейдегі «Ы.Алтынсарин- 2017» пәндік олимпиадасына Оn-line жүйесінде қатысушыларды тіркеу жүргізілуде.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат университет сайты мен «Қыздар университеті» газетінде жарияланады.

Олимпиаданың ресми сайты: www.kazmkpu.kz

Мекен-жайы: Алматы қ., Гоголь көш. 114, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен Мансап бөлімі.

Байланыс тел.: +7 (727) 233-19-50.

«Ы. Алтынсарин-2017» пәндік олимпиадасына ТІРКЕЛУ

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!

 

2017 жылы 19 қаңтарында сағат 19.00-де Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты және UN Women ұйымының қолдауымен Олег Борецкийдің киноклубы Тим Бертонның «Большие глаза» атты фильмін тамашалап, соңынан талқылауға шақырады.

2017 жылы 19 қаңтарында сағат 19.00-де Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты және UN Women ұйымының қолдауымен Олег Борецкийдің киноклубы Тим Бертонның «Большие глаза» атты фильмін тамашалап, соңынан талқылауға шақырады.

Көрсетілімнің тақырыбы: «Ер және Әйел: қысым жасау және алдау өнері».

Өтетін орны: Алматы қаласы, Фурманов к, 50. «Цезарь» кинотеатры. Tel: +7 727 393 66 74, 8 7014566450.

 

«Международная практика защиты информации» атты ғылыми семинар өтеді

Физика-математика факультетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен т.ғ.д Корченко Александр Григорьевичтің (Национальный авиационный университет, Украина, Киев) қатысуымен «Международная практика защиты информации» атты ғылыми семинар өткізіледі. 

Барлық қатысушыларды шақырамыз!

Семинардың өтетін орны: 2016 жылдың 8 желтоқсан жұлдызында сағат 11.00  Алматы қ., ҚазМемҚПУ, №1 корпус, конференц-зал

«Жастар g-global үшін» атты ғылыми семинар

2016 жылдың 14 желтоқсанында қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің л1 дәрісханасында сағат 11:00 «Жастар g-global үшін» атты ғылыми семинар өткізіледі

Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы

 

«Подбор журнала для публикации: как найти журнал с импакт-фактором и избежать недобросовестных изданий» атты семинар

2016 жылдың 14 желтоқсанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің л1 дәрісханасында сағат 10:00 «Подбор журнала для публикации: как найти журнал с импакт-фактором и избежать недобросовестных изданий» атты семинар өткізіледі

Ғылым және халықаралықбайланыстар басқармасы

 

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ғылыми семинар

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің л1 дәрісханасында сағат 10:25 –те Erasmus+ бағдарламасы бойынша ғылыми семинар өткізіледі

Баяндамашылар:

  1. Исламкулова Ильмира Бекетовна, кандидат биологических наук

  2. Педагогика – психология факультетінің, Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі Т.Б.Байназарова ModeHED  жобасының екінші үйлестіру кенесінің есебі
  3. Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Г.У.Байташева Erasmus+ бағдарламасы талаптары, мүмкіндігі
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің, Тарих кафедрасының оқутушысы Ж.К.Тойшубекова ЕО халықаралық Жан Моне жобасына құжат тапсыру ерекшеліктері

Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы

«Қастерлі отбасы – маған үлгі» атты кездесуі өтеді

30 қарашада сағат 14.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақ филологиясы және әлем тілдері мен Физика-математика факультеттерінің 4-курс студенттерімен «Қастерлі отбасы – маған үлгі» атты кездесуі өтеді.

Кездесуді ұйымдастырушы – Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты.

Кездесу мақсаты – Студент қыздарды отбасылық-рухани құндылықтарға бейімдеу, неке мен отбасын нығайту мәселелерін шешуге үйрету, отбасылық тәрбиені адамгершілік қасиеттермен ұштастыруға бағытталған мамандардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісу.

Өтетін орны: Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ, Бас ғимарат, №1 дәрісхана. Tel: +7 727 393 66 74, 8 701 456 34 50. E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құрметті оқырмандар!

2016 жылдың қараша айының 16 жұлдызында сағат 1500- де Ғылыми кітапхананың оқу залында белгілі жазушы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бексұлтан Нұржекеевтің 75 жасқа толуына орай, «Махаббат жыршысы» атты кездесу кеші ұйымдастырылады.

Кешке жазушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбаев «Құрмет» орденінің иегері Қуанышбай Құрманғалиев қатысады.

Кездесуге барлық оқырмандарды шақырамыз.

Кітапхана әкімшілігі

«Қазақ тарихи кезеңдеріндегі әйелдер рөлдері» атты дөңгелек үстелге шақырамыз!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты 2016 жылдың 8-қараша күні сағат 15:00- де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақ тарихи кезеңдеріндегі әйелдер рөлдері» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Келем деушілерге есік ашық!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, Конференц зал.

Ұйымдастырушылар: ҚазМемҚызПУ, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты.

Тел: +7 727 393 66 74, 87019250170.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ақпараттық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ДАМУЫ МЕН ӘЛЕМДІК ҚОҒАМДАСТЫҚТАҒЫ РӨЛІ» атты Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2016 жылдың 7 желтоқсанда өтеді.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда:

І-секция. Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамыры: зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістер, көзқарастар.

ІІ-секция. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері және әлемдік қоғамдастықтағы рөлі.

ІІІ-секция. Елбасының жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық идеологияның қалыптасуындағы рөлі мен қызметі.

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі: мәтіннің көлемі толық 4-7 бетке дейін, А4 форматында, WINWORD XP, WORD 97-2003 немесе 2007, шрифт - Times New Roman, Кегель 14, жол арасындағы интервал 1, азат жол – 1,25см. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20мм., сол жағы – 30мм., оң жағы – 10 мм.

Мақаланың рәсімделуі: Баяндама тақырыбы бас әріппен бір жолдан кейін оң жақ бұрышына жай әріппен, автордың аты-жөні ғылыми дәрежесі, одан бір жол төмен мекеме, қала аты жазылады. Келесі жолдан негізгі мәтін басталады. Конференцияға қатысуға өтініш беру қажет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі. Мысалы, /1, 17-б./. Мақаланың соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған мәтін үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түйіндеме (резюме) беріледі.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен немесе СD-R дискімен, қағазға басылған мәтін көрсетілген мекен-жайға жіберілуі керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Файл аты мақала атымен аталуы шарт.

Конференцияға қатысу үшін мақалалар 2016 ж. 25 қарашаға дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілсін. Жариялым құны: тегін

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, Қазмемқызпу, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, «Тарих» және «Қазақстан тарихы» кафедралары - 215 каб. Тел. (7272) 278-10-36, факс (7272) 233-18-35. Сот. 87011374298;

Талаптарға сай болмаған, белгіленген уақыттан кешіктірілген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитеті

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 Аты-жөні (толық)  
 Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)  
 Лауазымы  
 Ұйымның толық атауы  
 Байланыс телефоны  
 Автордың адресі  
 Факс, E-mail  
 Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы  
 Қонақ үй қажеттілігі  

Құрметті әріптестер!

4 қараша 2016 жылы сағат 11:00-де 206 аудиторияда Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Гуманитарлық пәндерді оқыту мен ғылыми-зерттеу жүргізудің инновациялық әдістері мен тәсілдері» атты әдістемелік семинар өткізіледі.

Философия ғылымдарының докторы, доцент Оспанов Сапар Иманғалиұлы өткізеді.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы