Сіздерді 2017-2018 оқу жылында "Мевлана" академиялық алмасу бағдарламасы аясында Туркия Республикасының Нийде университетіне шақырамыз.

Үміткерлердің өтініштері 2017 жылдың ақпан айының 23 -не дейін Болон үдерісі орталығында қабылданады (Бас корпус, 128 кабинет).

"Мевлана" алмасу бағдарламасына қатысуға ниет білдірген

Оқытушылар үшін: өтініш формасымен қатар ғылыми мақалалар, резюме және Нийде Университетінде оқылатын дәрістері және пәнге қатысты ғылыми зерттеулерінің тізімін өткізу керек. Мына сілтеме  бойынша толық ақпарат біле аласыздар http://www.ohu.edu.tr/mevlanaexchange/announcement/11632

  1. Өтініш

Студенттер үшін:

Грант тек оқу жылының 1 семестріне беріледі (4 ай). Егер екі семестрге оқуға ниет білдірген жағдайда, оқу ақысынан басқа (тұратын орны, тамағын және т.б.) шығындарын студент өзі төлейді.

  1. Бакалавр деңгейінің студенттерінің GPA орташа балы 2,5 пен 4,0 аралығында болуы тиіс;
  2. Магистранттар үшін GPA орташа балы 3,0 пен 4,0 аралығында болуы тиіс;
  3. Ағылшын немесе түрік тілі сертификаты;
  4. Өтініш.

Бағалану реті: Жалпы балдың 50 пайызы GPA балынан, 50 пайызы тіл сертификаты балынан тұрады, яғни шет тілі сертификатының болуы шешуші фактор болып табылады.

Ескерту: Бұл алдын ала таңдау. Соңғы таңдау Түркияның жоғарғы ғылым кеңесінің шешімімен қабылданады. Жол шығынын, виза, сақтандыру полисі шығындарын студент өзі төлейді.

Болон үдерісі орталығы