«Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» V Республикалық ғылыми-практикалық конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Физика-математика факультетінің Информатика және қолданбалы математика кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында жыл сайынғы «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» атты Жас ғалымдар арасында V Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

І СЕКЦИЯ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

ІІ СЕКЦИЯ. ОРТА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

ІІІ СЕКЦИЯ. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Конференция материалдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Тіркеу 2017 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында сағ. 9.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің №1 оқу корпусында жүргізіледі. Басталуы сағ.10.00-де.

Баяндама жасау мақала авторының қалауы бойынша он-лайн режимде де жүзеге асады. Он-лайн режимде баяндама жасауға ниет білдірушілерді алдын-ала тіркеу мақсатында төмендегі форманы толтырып жіберулеріңізді сұраймыз:

 Қатысушының аты-жөні  Қызметі  Skype - адресі Байланыс телефондары  Білім беру ұйымының атауы, қаласы
         

Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде жарық көреді. Конференция мақалаларын 2017 жылдың наурыз айының 21-не дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдануы тиіс: Алматы қ., Айтеке би көшесі, 99-үй, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Информатика және қолданбалы математика кафедрасы, 417 кабинет. Рсалина Л.А., Масимгазиева А.А. жұм.тел.: 8-727-233-18-41 (ішкі 4139) және ұялы. тел.: +77789269788, +77754527449. e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: А5 форматта, көлемі 5 беттен аспауы тиіс, редакторы – MS Word, Times New Roman қарпінде, кегль – 10, .doc форматында. Мақаланың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Мақала тақырыбы ортаға кіші әріппен, жартылай қарайтылған қаріппен жазылады; келесі жолда автордың аты-жөні, ғылыми жетекшінің аты-жөні мен атақ дәрежесі (студенттер үшін), астына курсивпен жұмыс орны (студент, магистранттар үшін оқу орны), қала көрсетіледі. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша, мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақалада кездесетін формулаларды формулалар редакторының көмегімен енгізулеріңіз керек. Бет параметрлері: үсті мен асты – 20 мм, сол жақ – 20 мм, оң жақ – 15 мм, жол аралығы – 1,0 интервал.

Басылым жұмыстарының ұйымдастыру жарнасы студенттер үшін – 1500 теңге, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, магистранттар үшін – 3000 теңге. Төлем ақы түбіртегінің көшірмесі мақаламен бірге жіберілуі тиіс.

ТӨЛЕМ РЕКВИЗИТТЕРІ:

ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУШЫ:

АО HALYK BANK

А.Ж.Т. БЕКЕЖАНОВА АЛТЫНШАШ АСЫЛХАНОВНА

КАРТОЧКА НОМЕРІ 4402 5735 4080 2438

ИИН 820507400241

ТӨЛЕМ ТҮРІ: Конференцияға қатысу үшін тіркеу жарнасы

Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жарық көрмейді және кері қайтарылмайды. Конференцияға сырттан келіп қатысушалырдың барлық шығыны өз тарапынан.

Мақала үлгісі:

Білім берудегі инновациялық-коммуникациялық технологиялар

А.А.Бекежанова, аға оқытушы

Қазмемқызпу, Алматы қ.

Мақала ..........................................................................................................................................

.......................................................................................................................................................

Студенттер және магистранттар үшін:

Білім берудегі инновациялық-коммуникациялық технологиялар

А.Бейсембаева, 5В011100-Информатика мамандығының 3 курс студенті

Қазмемқызпу, Алматы қ.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы А.А.Бекежанова

Мақала ..........................................................................................................................................

.......................................................................................................................................................