«Қажет емес заттардан жасалған бұйымдар» тақырыбында университетішілік студенттердің шығармашылық көрмесі

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Қажет емес заттардан жасалған бұйымдар» тақырыбында университетішілік студенттердің шығармашылық көрмесін өткізу

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: педагогикалық мамандықтары студенттерінің экологиялық мәдениеті мен көркем шығармашылық саласындағы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Міндеті:

  1. Табиғатты қорғау іс-әрекетін қамтамасыз ететін біліктіліктерін көрсету;
  2. Тұрмыстық материалдармен көркемдік іс-әрекет орындау барысында креативтік қабілеттерін көрсету;
  3. Оқушылардың орындауына мүмкіндік беретін бұйымдарды ойластыру қабілеттері.

ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

ҚазМемҚызПУ, Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Көрмеге ҚазМемҚызПУ педагогикалық мамандықтар студенттері, ҚазНұр гуманитарлық колледжі, барлық ниет білдірушілер

КӨРМЕНІ ӨТКІЗУДІҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

Конкурс 2017 жылы 14 сәуірде сағат 11:00-де Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасында 307 аудиторияда өтеді

(Мекен-жайы: Гоголь к-сі 161 (Шарипова к-сінің қиылысы), 161 үй, телефон 393-09-83

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Жеңімпаздар саны комиссия шешімімен анықталады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІ МЕН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Бұйым кез-келген қажет емес заттардан жасалуы тиіс.
  2. Бұйымның мөлшері қатысушының қалауы бойынша.
  3. Көрмеге дайын жасалған бұйымды әкелу қажет.
  4. Бұйымға студенттің аты-жөні, оқу орны, бұйым атауы, қолданылған материал түрі көрсетіледі.

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  1. Өзіндік ерекшелігі.
  2. Эстетикалылығы.
  3. Экологиялық құндылығы.
  4. Пайдаланылған материалдардың әртүрлілігі.

КӨРМЕНІҢ НӘТИЖЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Қорытынды әділ қазылар шешімімен шығарылады.

Жеңімпаздар университеттің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Конкурстың өтуіне жауапты оқытушылар:

П.ғ.магистрі, аға оқытушы Агранович Елена Николаевна (87017231672) п.ғ.к, профессор Т.А.Левченко(87014042297), п.ғ.к. Агеева Л.Е. (87783342722).