«Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі»атты республикалық симпозиум өткізеді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2017 жылдың 21 сәуірінде(басталуы сағ. 10.00) «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық симпозиум өткізеді.

Симпозиумның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Бірінші оқу ғимараты, Акт залы.

Әйелдер ұйымы мен олардың қоғамдағы рөлі қоғам өміріндегі заманауи және келешегі мол құбылыс. Бұл әйелдердің гендерлік теңдігі мен сол теңдікті саяси өмірде жүзеге асыру үдерісінің нақтылы көрінісі. Осы үдерістегі жастардың дүниеге көзқарасын, мәдениеттілігін, елсүйгіштігін, азаматтығын қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының аса маңызды істер атқара алатындығы сөзсіз. Себебі әйелдержастарды дүниеге әкеліп қана қоймайды, сонымен бірге балалардың дүниетанымын, мәдениеттілігін, сенімдерін және т.б. рухани құбылыстарын қалыптастыруда аса маңызды рөлдер атқарады.Қазіргі кезде әйелдердің осындай, отан үшін аса маңызды істерін жүзеге асыруын әйелдердің қоғамдық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен байланысты қарау жаңа бір бетбұрыс болып отыр.

Алайда бұл үдерістің қазіргі кездегі шет елдер мен Қазақстандағы үлгілерін анықтау, олардың проблемаларын талдау әлі жеткіліксіз. Себебі әйелдер ұйымдары отбасылармен әртүрлі қарым-қатынастарда болса да, олардың жастардың діни көзқарасына әсер етуі аса күрделі, нақтылы талдауларды қажет ететін мәселе болып отыр.

Осы айтылғандармен қатар, көптеген отбасыларда жастардың діни секталарға араласуы мен солардың ықпалына ұшырау құбылыстары орын алуда. Осындай жағдайда әйелдер ұйымдарының жеке отбасылармен, әсіресе олардың нақтылы мүшелерімен тыянақты жұмыстар істей алуы көптеген тәрбие мәселелерін сәтті жүзеге асырудың алғышарты болып табылады. Осы бағыттағы істердің тиімділігі Қазақстанның келешекте гүлденген, жаңа ұрпақтарының рухани-мәдени жетілген мемлекетке айналуына тигізетін әсері көп. Сондықтан осы мәселелерді арнайы зерттеу, тыянақты талдау, еліміздің зиялы қауымының жауапты бір ісі деп білеміз.

Жоғарыда айтылған мәселелерді және солармен байланысты басқа да жаңашыл және батыл проблемаларды ортаға салу, соларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талдау осы симпозиумның басты мақсат-міндеттері болып табылады.

Симпозиумның негізгі мақсаты: әйелдер ұйымдарының жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы рөлін анықтау.

Симпозиумның міндеттері:

  • әйелдер ұйымдарының жастармен байланыс тәжрибелерін, жолдарын, әдістерін, функцияларынталдау;
  • саяси және діни идеялардың, қозғалыстардың әйелдердің ұйымдарымен байланыстылығын көрсету және солардың нақтылы фактілерін анықтау;
  • әйелдер ұйымдарының жастарды діни экстремизмге қарсы тәрбиелеуге әсер ету жолында отбасылармен жұмыс істей алу жолдарын, әдістерін және т.б.мүмкіндіктерінанықтау;
  • әйелдер ұйымдарының жастарды діни экстремизмге қарсы тәрбиелей алу жолдарын, әдістерін жетілдірудегі мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен және діни орталықтармен байланысу тәжрибелерін, проблемаларын көрсету;
  • «Мәңгілік ел» идеясын практикалық тұрғыдан жүзеге асыру барысында әйелдер ұйымдарының отбасылармен, олардағы жастарды діни-мәдени сауаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері мен проблемаларын талдау.

Тезистер мен қатысу туралы өтініштер 2017 жылдың 5 сәуірінен кешіктірілмей, төмендегі симпозиум жұмысының 4 бағыты бойынша жіберілуін сұраймыз:

  1. Әйелдер ұйымдарының қоғамдық қатынастардағы басты функциялары.
  2. Діни экстремизмдік қозғалыстардың мақсаттары мен солардағы әйел мәселелері: идеялар, саяси қозғалыстар және фактілер.
  3. Жастардың діни экстремизмге ауытқуының отбасылық себептерін әйелдер ұйымдарының айқындау мүмкіндіктері мен ықпал ету жолдары.
  4. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі: отбасы қатынастарын жетілдіру діни экстремизмнің алдын алу шаралары есебінде.

Симпозиум жұмыстарының тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Баяндамалар тезистері симпозиумға дейін ғылыми жинақ түрінде шығарылады.

Мақала мазмұны үшін автор жауапты. Ұйымдастыру комитеті симпозиум жұмыстарына енетін материалдарды іріктеуге құқылы.

Симпозиум жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі материалдарды жіберу қажет:

  1. Қатысушы анкетасы.
  2. Жарияланым мәтінінің қағазға шығарылған және электронды нұсқалары.
  3. Мақала жариялауға төленген соманың түбіртек көшірмесі немесе электрондық нұсқасы.

Ұйымдастыру комитеті симпозиум материалдарын БАҚ жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, индекс 050000,Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 111,Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана ғимараты. Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты.

Тел: 8 (727) 393-66-74, 8 701 456 34 50; 8 701 178 88 50. Электрондық адрес: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Мақала жариялау құны- 3000 теңге.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі 5 бетке дейін, форматы А4 ақ қағазына шығарылған(материалдар кері қайтарылмайды).Шрифт:Times New Roman, кегль - 12, немесе KZ Times New Roman,кегль - 12. Барлық шеті 2 сантиметрден. Жол аралық интервалы – 1.Абзац– 1 см.

Мақала атауы – ортадан бас әріптермен және қою тиіс. Бір интервалдан соң,оң жағынан– автордың аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы, жұмыс орны, қала, ел көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер мәтінде шаршы жақшалардың ішінде: бірінші сан – көздердің реті, үтірден кейін екінші сан(дар) – бет(тер)і көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі.

Мақала соңында қазақ, орыстілдерінде түйіндемелер келтіріледі.

Симпозиум төлемін аудару үшін банк шоты:

ШЖҚ (шаруашылық жүргізу құқығындағы) ҚазМемҚызПУ РМК /// 050000, Алматы қ, Әйтеке би көшесі, 99 /// 
РГП (респуб.госуд.предп.) на ПХВ (направе хозяйственного ведения) КазГосЖенПУ МОН РК 050000, г.Алматы, ул.Айтеке би, 99
ОКЭД-85420, ОКПО-38888459
СТН/РНН 600 700 169665
ЖСК/ИИК KZ 498560000000012012-kzt
KZ 928560000003037929-RUR
БСК/БИК KCJBKZKX
БСН/БИН 990 240 005 438
КБЕ 16

АҚФ АҚ БанкЦентрКредит Алматы қ./// АГФ АО БанкЦентрКредитг.Алматы ул.Богенбай батыра.№156.

Свидетельство о постановке на учет по НДС: Серия 60001 №0071313 от 18.10.2012г.