2017 жылы 13 сәуірде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы» атты интеллектуалды олимпиада өтеді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

18 03 2017

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы 2017 жылы 13 сәуірде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы» атты интеллектуалды олимпиада өткізеді.  

Интеллектуалды олимпиада 5 айналымнан тұрады:

І   айналым. Таныстыру. Әр команда капитаны өзінің университеті мен мүшелерін таныстырып, команданың атын қорғайды.

ІІ  айналым. «Ұяшықтар құпиясы». Бұл сайыста әр команда ұяшықтардың артында жасырылған тарихи сандардың мағынасын дұрыс ашуы тиіс. Бұл сандар Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі мен  Алаш партиясы және Алаш Орда үкіметі тарихының негізгі кезеңдеріне байланысты. Командалар дұрыс  жауап бергеніне қарай ұпай еншілейді.

ІІІ айналым. Бейне сұрақ. Ұяшықтарды таңдау арқылы елімізге танымал ғалымдардың «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы» тақырыбындағы арнайы сауалдары қойылады.

ІV айналым. «Алтын қақпа». Бұл сайыста әр команда Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі мен Алаш партиясы және Алаш Орда үкіметі тарихына қатысты үш деңгейлі тарихи терминдерге анықтама беруі тиіс. 1-деңгей «қола қақпа», 2-деңгей «күміс қақпа», 3-деңгей «алтын қақпа» деп аталады. Толық жауап берген команда ғана толық бағаланады. Үшінші қақпаның сұрағы ағылшын тілінде қойылады. Бұл сайыста сайыскерлердің сөйлеу мәнері, шешендігі, фактілерді қолдануы басты назарға алынады.

V айналым. «Ой толғау». Жүргізуші арнайы жәшікке салынған құпия затқа баға бергеннен кейін команда мүшелері өзара ақылдаса келе, жәшікте не жасырылғанын табуы тиіс. Бұл заттар тақырыпқа қатысты мағлұмат береді.

Интеллектуалды олимпиада қазақ тілінде жүргізіледі.

Команданың құрамы 3 студенттен тұруы тиіс және мүшелері тарих емес бакалавр мамандықтарының 1 курс студенттерінен жасақталуы шарт.

Олимпиадаға қатысу үшін жоғарғы оқу орны 2017 жылдың 31 наурызына дейін факс арқылы қатысу өтінімін жіберуі тиіс.

Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері, студенттік билеттері болуы қажет.

Ұйымдастырушы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті,

Қазақстан тарихы кафедрасы.

Өтетін орны: Әйтеке би көшесі,99. Президенттік аудитория, 1 қабат, басталуы сағат - 14.00.

Байланыс телефондары: т. 2-78-10-36, факс: 233-18-35, 87471841730 e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Интеллектуалды олимпиадаға қатысу өтінімі қосымшада берілген.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы 2017 жылы 13 сәуірде  ұйымдастырылатын Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы»  атты интеллектуалды олимпиадаға қатысу туралы өтінім

Команданың атауы  
Жоғары оқу орнының атауы  
Студенттердің аты-жөні

1.

2.

3.

Мамандығы, курсы  
Топ жетекшісінің аты, қызметі, байланыс телефоны