Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың қазан айының  27-күні «Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.        

Конференцияға отандық және шет елдік ғалымдар, мұғалімдер, жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен студенттері шақырылады.  

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері 

  1. Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері.

  1. Географиялық ғылым және білім: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы

  1. Инновациялық білім беру - педагогикалық шеберлікті  дамытудың  негізі

           

Мақалалар қазақ,  орыс, ағылшын  тілдерінде қабылданады. Мақала мәтіні 5 беттен аспауы тиіс. Жариялау құны 3000 тенге. Квитанциялардың көшірмелері (банктік мәліметтер төменде келтірілген) электронды почтаға (квитанцияның көшірмесі текстің соңында болуы керек) жіберілуі керек. Мақалалар 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Іс-сапар шығындары қатысушылардың есебінен.

Конференцияға қатысу өтініштері тек электронды түрде қабылданады.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек.

Конференцияны ұйымдастыруға жауапты:

Қуанышева Жанар Қадыржановна - п.ғ.к.,қауым.проф.м.а.,e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., ұялы тел: 87773201030, тел: 8(727) -233-02-53  

Секциялар бойынша жауаптылар:

  1. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">bakshat_83@mail.ru (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (химия)
  2. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">guljanThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Сауранбаева Гульжан Кемелбековна) 87017807950 (биология, экология)
  3. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">makpal_25071986@mail.ru(Тоқсабаева Мақпал Ербосыновна), 87078053801(география)
  4. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (педагогика)

Жарияланым мақалалары электронды және қағаз түрінде мына мекен жайда қабылданады: 050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Әйтеке би 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 330, 329 кабинеттер, тел: 8 (727) -233-03-52.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

ӘӨЖ

АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ1,*, АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ2

(Times New Roman, 12  кегль, баяндамашының тегін жұлдызшамен белгілеу қажет)

БАЯНДАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

(Times New Roman, 12  пт, бас әріптермен, қою шрифтпен)

1 Алғашқы ұйым (толық атауы), қаласы, мемлекет

2 Екінші ұйым (толық атауы), қаласы, мемлекет

Баяндамашы e-mail (Times New Roman, 12 пт)

Мәтін (Times New Roman, 12 кегль). Мақаланың мәтіні форматы А4, редактор Microsoft Word for Windows,  гарнитура Times New Roman, кегль 12 пт, жол аралық: 1 интервал, абзац 0,75 см. Парақ параметрлері: сол жағы -25 мм, жоғары - 20 мм, төменгі – 20 мм, оң жағы – 20 мм, толық 3-5 беттен кем болмау керек. Беттер нөмірленбейді. Дайын файлды DOS форматында сақтау қажет.

Әдебиеттерге сілтемелер дәйексөз болмағанда тік жақшада [1], дәйексөз болғанда немесе авторлық мәтінді өз сөзімен айтқанда [1, б.29] және қатаң түрде ескерту ретімен нөмірленеді.

Кестелерде де мақала мәтініндегі шрифт қолданылады. «Кесте» сөзі, нөмірі және атауы кестенің жоғары жағына абзацтан жазылады (Кесте1 ̶  Мономерлердің бастапқы қоспаларының құрамы). Қандай да бір түсіндірме қажет болса, кестенің төменгі жағына беріледі.

Суреттерді ретпен қою қажет (Сурет 1 ̶  Метилпиридиндердің конверсиялануына температураның әсері). СИ жүйесінің өлшем бірліктерін қолдану қажет.

Химиялық құрылыс формулалары  ChemDraw терілу қажет.

Әдебиет (Times New Roman, 12 пт)

1. Бутин Б.М. Химия P, Se – гетероциклов. ̶  Алматы: ТОО «Полиграфсервис и К», 2013. ̶  340 с.

2. Трофимов Б.А. Некоторые аспекты химии ацетилена // Журн. Орг. Химии. ̶  1995. ̶  Т.31, №9. ̶  С.1368-1387.

3. Патент 2525 Рк. Способ получения фосфорного удобрения / Джусипбеков У.Ж., Черниякова Р.М: опубл. 20.08.14, Бюл.8.ъ

Резюме (Times New Roman, 12 пт)

Резюме (2,3 сөйлем) қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде болса), орыс және ағылшын (егер мақала қазақ тілінде болса), орыс және қазақ (егер мақала ағылшын тілінде болса)  болуы қажет.

Мақаланың мәтіні редакцияланбайды, мақаланың ғылыми мәтініне, мазмұнының стилі мен грамматикасына авторлар жауап береді.

Ескерту!  Конференцияның ғылыми бағытына және безендіру ережелеріне сәйкес келмейтін, мерзімінен кешіккен мақалалар қаралмайды және жарияланбайды.

Барлық жарияланымдар авторлық редакцияда беріледі.

    

Конференцияға қатысу тапсырысы

1 АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ (толық)
2 Жұмыс орны
3 Қызметі
4 Атағы, дәрежесі
5 Баяндаманың тақырыбы
6 Секция
7 Қажет техникалық құралдар
8 Мемлекет, қала
9 Оқу орны, кафедра
10 Почталық мекен-жай
11 e-mail
12 Байланыс телефоны, факс
13 Қонақ үйге мұқтаж ба (иә/жоқ)

Конференцияға қатысу жұмысының жарнасын төлеу үшін реквизиттер:

БИК: HSBKKZKX

БИН: 960941000145

ИИК Банка: KZ906010002008345197

КБе: 19

Банк атауы: АО «Қазақстанның Халық Банкі»

Мырзахметова Нурбала Оразымбековна

Аударғанда «конференцияға» деген белгімен, автордың тегі аты-жөнінің бастапқы әріптері  жазып жіберіледі

                                           Коференцияда Сізді көруге қуаныштымыз!

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті