Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Erasmus + бағдарламасының бірінші қатысушысы болды

 eumodehead

Эразмус + – 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуропалық Одақтың жаңа бағдарламасы, ынтымақтастық, білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды қолдауға бағытталған академиялық ұтқырлық. Эразмус + қайта жаңғырту, білім беру және оқыту жүйелерінің орнықты дамуын, жастар саясаты мен спортты дамытуды қолдауға бағытталған бағдарлама, сондай-ақ, біліктілікті жетілдіру арқылы халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жақсарту үшін бағытталған. Жаңа бағдарлама адам дамуының өсуіне айтарлықтай инвестиция құюды көздейді.

«ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғырту» – ModeHed

erasmusplus.kazmkpu.kz сайтына өту

Жобаның мақсаты – қоғам денсаулығын сақтауға жаңартылған бағдарлама арқылы жәрдемдесу, Еуропалық одақ жоғары оқу орындарының іс-тәжірибесі арқылы Өзбекстан мен Қазақстан университеттерінің оқу үдірісіне инновациялық оқыту технологияларын  мультимедиялық компонент ретінде енгізу, медициналық және медициналық емес бағыттағы мамандарды дайындауда медициналық-биологиялық блог пәндерін оқыту бағдарламаларын жетілдіру және денсаулық сақтауда әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру, халық арасында салауатты өмір салтын мемлекеттік деңгейде насихаттау.

Жобаның ұзақтығы: 36 ай

Қаржыландыру сомасы: 776 292,00 EUR

Жобаның үйлестірушісі: Жоғары инженерлік мектеп, Лейпциг, Германия экономикасы мен мәдениеті

Жоба бойынша серіктестер:

  • - Прагадағы Карл университеті, Чехия
  • - Koшице, Словакия Павол Йозеф Сафарика университеті;
  • - Ферғана мемлекеттік университеті, Өзбекстан;
  • - Ташкент медициналық академиясы, Өзбекстан;
  • - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан;
  • - Наманган мемлекеттік университеті, Өзбекстан;
  • - Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық білім беруді дамыту орталығы;
  • - Дене шынықтыру және спорт өзбек мемлекеттік институты, Өзбекстан;
  • - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Қазақстан;
  • - Бұқара мемлекеттік медицина институты, Өзбекстан;
  • - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан;
  • - Андижан мемлекеттік университеті, Өзбекстан;
  • - Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан;
  • - Медициналық білім беру, Өзбекстан өзбек қауымдастығы.

«Медициналық университеттердегі білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша 1-ші үйлестіру кездесуі өтті. -  ModeHed

2016 жылдың 29-30 наурызында Ташкент медициналық академиясының Академиялық лицейінде (ТМА) Эразмус+ жобасы аясында алғашқы кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты: барлық серіктестерді жобаны іске асыратын стратегиялық жоспармен таныстыру. Екі күн бойы жобаның негізгі мақсаты мен басқару әдістері, қаржылық мәселелер, ЕО серіктестер тәжірибесі, Прагадағы Карлов университетінің 1-ші медициналық факультетінің оқу материалдарын дайындаудағы сапалы критерийлері туралы пікір алмасты.

Ұйымдастырылған жұмыс топтарында жоба талаптарына сәйкес әзірленетін құжаттарды дамыту тұжырымдамасы құрастырылды. Жұмыс топтарына Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Чехия және Словакия университеттерінің профессорлары мен оқытушылары белсенді қатысты. Кездесу соңы «Денсаулық сақтауда пәндерді жаңғырту» тақырыбындағы қызу пікірталаспен аяқталды.

Аталған кездесу Ташкент медициналық академиясында ұйымдастырылып, оған төмендегі серіктестіктер шақырылды:

-Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,

-Өзбекстандағы Еуропалық одақ өкілдері, Өзбекстандағы Эразмус+ бағдарламасы бойынша ұлттық кеңсе,

- Еуропалық Одақ елдерінің бағдарламаға қатысушы елшіліктерін техникалық жағынан қамтамасыз ететін  бюро,

-Жобаға қатысушы серіктес елдер университеттерінің өкілдері www.erasmusplus.kz