Қоғаммен байланыс бөлімі

Қоғаммен байланыс бөлімі «Қыздар университеті» медиа орталығын құру туралы ректордың 2013 жылдың 19 қаңтарындағы №13 бұйрығына сәйкес орталықтың құрамдас бөлімі болып құрылды. Қоғаммен байланыс бөлімі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің имиджін көтеру мақсатында құрылған «Қыздар университеті» медиа орталығына қарасты бөлім болып табылады және құрылымының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілеріне сай, Университет Жарғысына қарсы келмейтін өзіндік ережелерге, бекітілген жұмыс жоспарларына сай жүзеге асырылады.

Қоғаммен байланыс бөлімі - университетінің қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу орнының қоғаммен байланыс саласындағы имидждік саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалы және ағымдағы бағдарламаларын құру және БАҚ саласындағы түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Қоғаммен байланыс бөлімі өз қызметінде "Қыздар университеті" медиа орталығының ережелері мен нұсқауларын, Университеттің алдағы жылдарға жоспарланған даму стратегиясын, Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің Жарғыларын басшылыққа алады. БАҚ арқылы қоғамда ҚазМемҚызПУ туралы жағымды имидж қалыптастыру. Сондай-ақ, қызметкерлер мен студенттерді университеттің жеткен жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу, бойларына байыппен сіңіру. Ғылым мен білім саласында өз үлестерін қосуға үгіттеу. Студенттер арасында университеттің өз патриоттарын тәрбиелеп шығаруға атсалысу;

БАҚ-та жарияланған сұхбат, ақпар, баспасөз конференциясы арқылы университет басшылығының, факультет декандары мен бөлім басшыларының беделін қалыптастыру.
ҚазМемҚызПУ-дың корпоративті мәдениетін қалыптастыруға қатысу;

Университет порталының контентін жүйелі жаңарту, атқарылған іс-шаралар туралы ақпараттармен толықтыру;
Университетте өтетін мәжіліс, конференция, семинар, ресми кездесулерге шақырылған тілшілердің қатысуына мүмкіндік жасау, олардың техникалық құралдарын (видео, аудио) орналастыруын қамтамасыз ету және сүйемелдеу, жазылған ақпаратты электронды тасуыштарға тасымалдау қызметтерін атқарады.
Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметі бекітілген стратегиялық және жыл сайынғы жоспарларға сай жүзеге асырылады. Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметін басқару мен үйлестіруді "Қыздар университеті" медиа орталығының жетекшісі жүзеге асырады.

Қоғаммен байланыс бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:
Университеттiң қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің жоспарын іске асыру үшін ақпаратты жинау және талдау, өткізілген іс-шаралардың ақпараттық материалдарын ықшамдап дайындау, жариялауды ұйымдастыру;
Университтет басшылығының ұйымдармен, қоғамның әр түрлі топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді және тұрақты екіжақты байланысын қамтамасыз ету;
Университеттiң бiрлескен ақпараттық жүйесiн өңдеу және дамыту;
Қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындауды және өткізуді және оқу орнының қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

Аудио, видеожабдықтарды қолдауды қамтамасыз ету т.б. қызметтерді жүзеге асырады.

Ақпараттық саясат бөлімі

«Қыздар университеті» медиаорталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, университеттің ақпараттық саясатын іске асыруға арналған шаралар туралы жедел ақпарат дайындайды, университет басшыларының мақалаларының БАҚ-та басылуын, өткізілген шараларды сапалы фотосуретке түсіруді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық саясат бөлімі өз қызметінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің даму стратегиясын, Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жарғыларын басшылыққа алады.Ақпараттық саясат бөлімі университеттің беделіне әсер ететін ақпараттардың болуының алдын-алу, оқу орыны туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға байланысты зерттеулер жүргізуді басқарады;
Университеттің арнайы сайтына келіп түскен сұрақтарды сұрыптау және ең маңызды ұсыныстарды іске асыруға қажетті шараларды жүзеге асырады;
Университет құрылымдарының ақпараттық және қоғаммен байланыс қызметтері қазіргі технологияларға сай болуына, ғылыми қызметкерлердің зерттеулерінің жариялануына және оқу орнының факультеттері мен кафедраларының атқарған жұмыстарының дер кезінде насихатталуына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Университеттiң оң имиджін көтеру мақсатында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру;
Университетте өткізілетін ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік,мәдени-көпшілік шаралар туралы БАҚ-тарға ақпарат беру;
Университетте өтетін шараларға БАҚ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
Университеттің ресми сайтының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау;
Университеттің стратегиялық және оқу жылына арналған тәрбие жұмыстары мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын шараларға қатысу;
Фото-дерекқорды құруды қамтамасыз ету жүзеге асырады.
Ақпараттық насихат жүргізу мақсатында университетте түрлі деңгейдегі өтетін конференция, кеңес, семинар, т. б. шараларға қатысады.