Редакциялық-баспа кеңесі

Редакциялық баспа кеңесі оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және ғылыми әдебиеттерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің баспаханасынан шығаруға дайындайтын және бекіту жөніндегі координациялық орталық болып табылады. РБК шығарылатын ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттердің жоғары сапасын қамтамасыз етуді бақылауды іске асырады және университеттің редакциялық баспа қызметін жетілдіруге жағдай жасайды.

РБК өз қызметінде ҚР жоғары мектебіне қатысты заңнамалық және нормативті құжаттарды, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-111 Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №344 бұйрығымен бекітілген оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды және оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, апробациялау және мониторинг жүргізу және шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Ережесін, ҚР университеттік білім беру тұжырымдамасын, университет жарғысын және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Редакциялық баспа кеңесінің Ережесін басшылыққа алады.

РБК оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдар бойынша университет базасында ұйымдастырылады, оған университеттің педагогикалық жұмысшыларының өкілдері кіреді. Редакциялық баспа кеңесі университет ректорының бұйрығымен құрылады. Қолжазба мазмұны бойынша РБК шешімі олардың авторлары үшін мінездемелік сипатта жүреді. РБК өз жұмысын кафедралармен және факультеттің әдістемелік бюроларымен тығыз байланыста жүргізеді. РБК мәжілісі қажет болған жағдайда өткізіледі, бірақ жылына кем дегенде екі реттен кем емес жүргізілуі тиіс.

Университеттің редакциялық баспа кеңесінің құрамы:

  1. Тойбаев Әділет Жүнісұлы– Редакциялық баспа кеңесінің төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор;
  2. Қалымова Гульзия Акрашқызы – Редакциялық баспа кеңесі төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры;
  3. Мергенбаева Айнур Оралқызы – Редакциялық баспа кеңесінің хатшысы, әдістемелік бөлім әдіскері;

Мүшелері:

  1. Бағашарова Бақытжамал Тельманқызы- ғылыми кітапхана директоры;
  2. Қалиев Серік Акрамұлы - «Қыздар университеті» баспасының директоры;
  3. Исабаева Сұлу Нағашыбайқызы - ақпараттық жүйелерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.;
  4. Айтбай Роза Түймебайқызы - тарих кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
  5. Қоңыратбай Тынысбек Әуелбекұлы - музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор;
  6. Бапаева Мариям Құрманғалиқызы - теориялық және практикалық психология кафедрасының доценті, пс.ғ.к.;
  7. Әбдіқалық Күнімжан Садырқызы - қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.;
  8. Парманбекова Меруерт Хамитбекқызы - биология кафедрасының доценті м.а., б.ғ.к.