Тіркеуші кеңсе бөлімі

Тіркеуші кеңсе – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлығын есепке алумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасайтын қызмет. Тіркеуші-кеңсе бөлімі - ҚазМемҚызПУ-де білім алатын студенттер мен магистранттардың кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруын жоспарлап, білім алушылардың үлгерімін аралық бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың барлық түрлері, т.б. анықтайды. Бөлімнің жұмысы деканаттардың, кафедралардың, оқу үдерісі бөлімінің және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен байланысты. Тіркеуші кеңсе білім алушылардың оқу пәндеріне жазылуын, академиялық күнтізбе мен жұмыс оқу жоспарына сәйкес барлық оқу түрлері бойынша өтетін бақылауларды ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерін шешеді.