Қабылдау комиссиясы туралы ақпарат

ТАЛАПКЕР-2016

Бакалавриат мамандықтарына түсу үшін өтініш берудің мерзімдері:

  • талапкердің кешенді тестілеуіне (ары қарай – КТ) қатысу үшін өтінішті бітіруші 2016 жылдың 20 маусымы мен 9 шілдесі аралығында бере алады.
  • шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы 20 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін жүргізеді.
  • педагогикалық мамандықтарға түсу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусынан 4 шілдеге дейін жүргізіледі;
  • ақылы негіздегі білім алу үшін азаматтардың жазған өтініштерін қабылдау 20 маусымнан 28 тамызға дейін жалғасады.
  • білім беру гранттарын беру жөніндегі байқауға өтініш қабылдау шілде айының 23 мен 31 аралығында жүргізіледі.
  • Қайтадан кешенді тест тапсыру үшін өтініш беру мерзімі 1-8 тамыз аралығында;
  • Қосымша кешенді тестілуге өтініш бері мерзімі қаңтардың 5 -12 аралығында.

Талапкердің КТ емтихандары мен әңгімелесу өткізудің мерзімдері:

  • КТ емтихандары 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін тапсырылады;
  • шығармашылық емтихандар университеттің қабылдау комиссиясында 2 шілдеден 7 шілдеге дейін тапсырылады;
  • әңгімелесу шетелдік азаматтарға және екінші жоғары білім алуға  құжат тапсырушылар үшін 28 шілдеден 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі байқау:

  • байқаудың өткізілу мерзімі 1 тамыздан 10 тамызға дейін жалғасады;
  • байқауға қатысу үшін ең кем дегенде негізгі пән бойынша 7 балл (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем болмауы тиіс), КТ-дің қалған пәндері бойынша ең кемі 4 балл жинау қажет. Студент қатарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
  • білім беру грантын алуға талаптану кезінде қазақ немесе орыс тілінен (оқыту тілі), Қазақстан тарихынан, математикадан және таңдау пәнінен алынған баллдар ғана есепке алынады.

КТ жүргізілу тәртібі:

  • талапкерлерді кіргізу- 730;
  • басталу уақыты – 900;
  • ұзақтығы – 2 сағат 30 минут;
  • аудиториядан себепсіз шығуға тыйым салынады;
  • өзімен бірге куәландыратын жеке куәлігі, КТ қатысуға арналған арнайы рұқсаты болу керек.

Апелляция

- КТ нәтижелері бойынша апелляция талапкердің өзі тарапынан тестілеу нәтижелерінің жариялауынан бастап келесі күні сағат 1300-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия тарапынан бір тәулік ішінде қарастырылады;

- өтініш беруші өзімен бірге куәландыратын жеке куәлігі, КТ қатысуға арналған арнайы рұқсаты болу керек.

1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Қабылдау Ережесі жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың Үлгі ережесіне сәйкес (бұдан әрі Үлгі ережесі) құрылған және ҚазМемҚызПУ-нің студенттер контингентін қалыптастыру тәртібін анықтайды.
2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды орта жалпы (жалпы орта), (техникалық және кәсіптік) және жоғары білім алуға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
4. Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.
Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда, сондай-ақ ҚазМемҚызПУ-мен жасалған келісімшарттар мен контракттарға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.
5. Кешенді тестілеу өткен жылдың орта жалпы білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін, бастапқы және орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жалпы білім беру мектептерінің шетелде халықаралық оқушы алмасу бағдарламасы бойынша білім алған бітірушілері үшін, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, сондай-ақ шетелде оқу орындарын тәмәмдаған азаматтар үшін өткізіледі.
6. ҚазМемҚызПУ-не бірыңғай ұлттық тестілеуден немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша ҚазМемҚызПУ-де мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім грантына ие болған азаматтар, сондай-ақ куәліктегі ұпайларына сәйкес басқа да қайнар көздер есебінен оқу ақысын төлеген азаматтар қабылданады.
7. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін 5В040900 – Хореография, 5В010600 – Музыкалық білім, 5В090600 – Мәдени тынығу жұмысы, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері, 5В010800 – Денешынықтыру және спорт мамандықтарына (бұдан әрі – шығармашылық мамандықтар) азаматтарды қабылдау «Шығармашылық емтихан туралы» және «Арнайы емтихан туралы» Ережелеріне сәйкес ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы тарапынан өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандарды (әрі қарай – шығармашылық емтихандар) есепке ала отырып жүргізіледі.
8. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізіледі.

сияқты шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны екеу.
Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында жүргізіледі.
Бір шығармашылық емтихан бойынша ұпайдың ең жоғары саны – 25.
Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан кем ұпай алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер аталған мамандық бойынша кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Педагогикалық мамандықтарға оқуға қабылдау үшін өтініш қабылдау 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізіледі. Арнайы емтихан 5 шілде мен 14 шілде аралығында тапсырылады.

Арнайы емтихан талапкерлердің педагогикалық мамандықтарға бейімділігін анықтауға бағытталған:

Арнайы емтихан «рұқсат», «рұқсат емес» деп бағаланады;

Кешенді тестілеуді өткізу

10. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіру туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • тест сынағын өткізу ақысын төлегені жөніндегі түбіртек (квитанция);
  • 3х4 көлемдегі екі фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жасы 16-ға толмаған жағдайда талапкер туу туралы куәлігі мен мектептен суреті бар анықтаманы ұсынуы керек.

11. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында, азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, матеметика және талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
5В040900 – Хореография, 5В010600 – Музыкалық білім, 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері, 5В010800 – Денешынықтыру және спорт сияқты шығармашылық мамандықтарға құжат тапсыратын азаматтар тек бір ғана шығармашылық мамандықты көрсететі.
5В040900 – Хореография, 5В010600 – Музыкалық білім, 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы, 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800 – Денешынықтыру және спорт мамандықтарына құжат тапсыратын азаматтар кешенді тестілеуді қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтеді.
12. Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.
13. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір ұпаймен бағаланады.
14. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
15. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің ұлттық тестілеу орталығында (ҰТО) өткізіледі. Кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялау, бекітілген үлгідегі мемлекеттік куәлік беру, тестілеу нәтижелеріне байланысты шағым беру процедурасы, мемлекеттік білім гранттарын беру ҚР БжҒМ-нің Үлгі ережесінде көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
16. Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды бірден ілінеді.
17. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі куәлік рәсімделеді. Оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш тәулік ішінде беріледі
18. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруге құқылы. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды Республикалық апелляциялық комиссия қарайды. Соңғы шешімді ҚР БжҒМ-не қарасты Республикалық апелляциялық комиссия қабылдайды.

Оқуға қабылдау

19. ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясы студенттерді оқуға қабылдауды 2016 жылдың 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Талапкер ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:

  • Жалпы орта (жалпы орта білім) кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжат.
  • 3х4 көлемдегі алты фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификаты;
  • білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда).

20. Жалпы орта,техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік.орта білімнен кейінгі) білім бар тұлғалар Кешенді тестілеуден және қайта кешенді тест тапсыру нәтижесінде 50 баллдан төмен, оның ішінде таңдау пәнінен 7 балл, қалған пәндерден 4 баллдан төмен алған жағдайда да күндізгі бөлімге, ақылы негізде, бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін шартты түрде қабылданады.

21. Ақылы оқудың 1-ші курсына ағымдағы жылы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, сондай-ақ бейімдік пәннен кемінде 7 ұпай (әрбір шығармашылық емтиханнан кемінде 10 ұпай), ал қалған пәндерден ең төмені 4 ұпайдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады. Жалпы өту балы университет нормативтерімен (аудиториялық қорды үлестіру, сабақ кестесі және т.б.), Ғылыми Кеңестің шешімімен анықталады (Қосымша 1).
Оқуға қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі. Шығармашылық емтихандар белгіленген мaмaндықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған ұпайларды есепке ала отырып жүргізеді.
22. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің шеңберінде тапсырылған пәндердің бірінен 4 ұпайдан төмен алған жағдайда, талапкер ақылы оқуға қабылдауға немесе білім беру гранттарын алу байқауына қатысуға жіберілмейді.
23. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ы.Алтынсарин-2016» Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиадаға қатысушылар төмендегі жеңілдіктер арқылы қабылданады:
23.1. Егер мамандығы Олимпиада пәніне сәйкес келсе, «Ы.Алтынсарин – 2016» Олимпиадасының жеңім-паздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар) ректор грантын алу кон-курсын өту кезінде басымдылық құқығын алады.
23.2. Жүлделі орын алмағандар, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-не бірін-ші кезекте қабылдануға құқылы.
23.3. Олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері, қойылған деңгейді өткен қатысушылар:

  • Пән бойынша І орын алған жеңімпаздар ҚазМемҚызПУ ректорының грантымен қабылданады;
  • Пән бойынша ІІ орын алған жүлдегерлер ҚазМемҚызПУ ректорының грантымен қабылданады;
  • Пән бойынша ІІІ орын алған жүлдегерлер ҚазМемҚызПУ ректорының грантымен қабылданады;
  • Пән бойынша «Ы.Алтынсарин» Олимпиадасына қатысушылар өту балы болған жағдайда ақылы бөлімге 10% жеңілдікпен қабылданады (сертификат балы сәйкес болған жағдайда).

24. Орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілері ҚазМемҚызПУ-нің ұқсас немесе туыс мамандық-тарына ҚР жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мамандықтары Жіктеушісінің және ҚР БжҒМ-нің кәсіптер мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру жіктеушісінің сәйкестік кестесінің бекітілген тізіміне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде (күндізгі және сырттай оқу түрі) қабылданады.
Сондай-ақ, жоғары кәсіптік білімі бар тұлғалар ҚазМемҚызПУ-нің емтихандық комиссиясы жүргізген әңгімелесулердің нәтижесіне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде қабылданады.
Сырттай оқу бөлімінде қашықтықтан оқыту арқылы сабақ өту қарастырылған.
25. Жоғары білім беруге дейінгі факультетті сәтті тәмәмдап, бітіру туралы куәлікті иеленген шетел азаматтары ҚазМемҚызПУ тарапынан оқу тілінде өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша ҚРБжҒМ-нің Үлгі ережесінің 49 б, 8 б. негізінде оқуға қабылданады.
26. Ақылы негізде оқудың күндізгі түрінің қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ақылы негізде оқудың сырттай түріне түсу емтихандарын сәтті тапсырған азаматтардың саны 10 кісіден кем болған жағдайда аталмыш мамандық бойынша ережеге сай топ құрылмайды.